Мұнайлы ауданы әкімдігінің
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
2021 жылдың ІІ тоқсаны бойынша есебі
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазаны №390/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Мұнайлы ауданы әкімдігінің бөлімдерімен 7 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттарымен 61 қызметтің түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудан тұрғындарына 80 түсіндіру (хаттамалық тапсырмалар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренинг жұмыстары және т.б.) жұмыстары жүргізілді, аталған түсіндірме іс-шаралары бойынша қамтылған қызмет алушылардың саны - 221.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында «Маңғыстау облысындағы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның филиалына дәрістерге жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны -1.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың бойынша нәтижелеріне сәйкес:
Мұнайлы ауданында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 41 мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша барлығы – 9161 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
1)Мемлекеттік орган (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 1805 немесе 19,7%;
2) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтің саны - 1790 немесе 19,5%;
3)«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 5566 немесе 60,8%.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны – 672 (қағаз түрінде -208, электрондық түрде -464).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетулерінің сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша іс-шара жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылаудың нәтижесіне сәйкес: жүргізілген бақылау объектілерінің саны – 6, анықталған бұзушылықтардың саны – 123. Оның ішінде:
1) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері - 35;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген НҚА көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері -13;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген НҚА көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 34;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 41.
Бақылау іс-шара қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны -35.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бірнеше рет аудан әкімдігінде ауыл, ауылдық округ әкімдері және аудандық тиісті бөлім басшыларымен өткізілген кеңестерде талқыланады.