2021 жылдың 1 қазан жағдайына жергілікті және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат
Аудан бойынша кірістер бөлігінің жылдық жоспары 4 518,1 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 2 916,1 млн. теңге, орындалысы 2 959,5 млн. теңге немесе 101,5 %-ды құрады.
3 категория бойынша түсімдер жылдық жоспар 3 886,3 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 2 578,2 млн. теңге, орындалысы 2 583,9 млн. теңге немесе 100,2 %-ды құрады.
І.Салықтық түсімдер жылдық жоспар – 3 627,6 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 2 382,7 млн. теңгенің, орындалысы 2 307,0 млн. теңге немесе 96,8 %;
ІІ.Салықтық емес түсімдер жылдық жоспар – 84,4 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 25,0 млн. теңгенің, орындалысы 43,4 млн. теңге немесе 173,3 %;
ІІІ.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жылдық жоспар - 174,4 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 170,4 млн. теңгенің, орындалысы 233,5 млн. теңге немесе 137,0 %;
ІV деңгейлі бюджеттің, яғни ауыл, ауылдық округ бюджетінің кірістер бөлігінің жылдық жоспары – 631,8 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 337,9 млн. теңгенің, орындалысы 375,6 млн. теңге немесе 111,2 %;
Ауыл, ауылдық округтер бөлінісінде орындалысы: Басқұдық –98,5%, Дәулет – 106,7%, Маңғыстау – 115,7%, Батыр – 130,5%, Баянды – 106,9%, Атамекен – 106,7%, Қызылтөбе – 102%.
Шығыстар бөлігінің 2021 жылға жылдық жоспары 19 334,3 млн. теңге, 1 қазан жағдайына жоспарланған 12 680,5 млн. теңгенің орындалысы 12 677,4 млн. теңге немесе 100% құрайды.
Республикалық бюджеттен бөлінген бойынша 2021 жылға жылдық жоспары 7 703,2 млн. теңге, 1 қазан жағдайына жоспарланған 4 589,2 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 4 586,6 млн. теңге немесе 99.9% құрап отыр.
Жергілікті бюджет бойынша 2021 жылға жылдық жоспары 11 631,2 млн. теңге 1 қазан жағдайына жоспарланған 8 091,3 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 8 090,8 млн. теңге немесе 100% құрап отыр.