«Мұнайлы ауданық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға аукцион жариялайды.
Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ 2021 жылы 13 қазан сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.
Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін:
— жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
— бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:
Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16.
Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.
Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.
Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы бойынша аукционға шығарылатын жер учаскелерінің тізімі
|
№ т/т |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Көлемі (га) |
Берілетін құқық түрі |
Бастапқы баға (теңге) |
Жыл сайынғы жер салығы (теңге) |
Сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының 5 % немесе 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі кепілдік жарна (теңге) |
|
1 |
Батыр ауылдық округі |
Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін (коммерциялық нысан құрылысы) |
3,0 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
5 702 400 |
21 600 |
285 120 |
|
2 |
Баянды ауылы |
Өндірістік база құрылысын салу үшін |
1,0050
|
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
1 541 268 |
7236 |
145 850 |
|
3 |
Батыр ауылдық округі |
Балабақша құрылысын салу үшін |
0,5676 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
1 198 771 |
4087 |
145 850 |
|
4 |
Батыр ауылдық округі |
Мектеп құрылысын салу үшін |
0,4138 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
873 946 |
2979 |
145 850 |
|
5 |
Батыр ауылдық округі |
Мектеп құрылысын салу үшін |
0,4138 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
873 946 |
2979 |
145 850 |
|
6 |
Батыр ауылдық округі |
Спорт кешенінің құрылысын салу үшін |
0,3000 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
633 600 |
2160 |
145 850 |
|
7 |
Қызылтөбе ауылдық округі |
Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін (коммерциялық нысан құрылысы) |
0,8600 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
2 340 576 |
6192 |
145 850 |
|
8 |
Маңғыстау ауылы |
Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін (коммерциялық нысан құрылысы) |
0,0400 |
Жеке меншік |
1 050 030 |
288 |
145 850 |
|
9 |
Атамекен ауылдық округі |
Билборд орнату үшін |
0,0006 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
1711 |
4 |
145 850 |
|
10 |
Маңғыстау ауылы |
Өндірістік база құрылысын салу үшін |
1,7425 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
5 081 130 |
12 546 |
254 057 |
|
11 |
Батыр ауылдық округі |
жол бойындағы сервис объектілерінің құрылысын салу үшін |
2,5 |
Жалдау құқығын сату (3 жыл) |
2 376 000 |
18 000 |
145 850 |
|
12 |
Батыр ауылдық округі |
жол бойындағы сервис объектілерінің құрылысын салу үшін |
2,9 |
Жалдау құқығын сату (3 жыл) |
2 756 160 |
20 880 |
145 850 |
|
13 |
Батыр ауылдық округі |
жол бойындағы сервис объектілерінің құрылысын салу үшін |
2,9 |
Жалдау құқығын сату (3 жыл) |
2 756 160 |
20 880 |
145 850 |
|
14 |
Батыр ауылдық округі |
жол бойындағы сервис объектілерінің құрылысын салу үшін |
2,9 |
Жалдау құқығын сату (3 жыл) |
2 756 160 |
20 880 |
145 850 |
|
15 |
Батыр ауылдық округі |
жол бойындағы сервис объектілерінің құрылысын салу үшін |
2,9 |
Жалдау құқығын сату (3 жыл) |
2 756 160 |
20 880 |
145 850 |
|
16 |
Батыр ауылдық округі |
жол бойындағы сервис объектілерінің құрылысын салу үшін |
3,8253 |
Жалдау құқығын сату (3 жыл) |
3 635 565 |
27 542 |
181 778 |
|
17 |
Маңғыстау ауылы |
Антенна-матчталық құрылғы орнату үшін |
0,0031 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
8035 |
23 |
145 850 |
|
18 |
Маңғыстау ауылы |
Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін (коммерциялық нысан құрылысы) |
0,7600 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
2 216 160 |
5472 |
145 850 |
|
19 |
Маңғыстау ауылы |
Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін (коммерциялық нысан құрылысы) |
0,5000 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
1 458 000 |
3600 |
145 850 |
|
20 |
Қызылтөбе ауылдық округі |
Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін (коммерциялық нысан құрылысы) |
0,0200 |
Жеке меншік |
504 000 |
144 |
145 850 |
|
21 |
Баянды ауылы |
Өндірістік база құрылысын салу үшін |
0,2730 |
Жеке меншік |
3 488 940 |
1966 |
145 850 |
|
22 |
Маңғыстау ауылы |
Өндірістік база құрылысын салу үшін |
0,3900 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
1 137 240 |
2808 |
145 850 |
|
23 |
Баянды ауылы |
Өндірістік база құрылысын салу үшін |
0,7500 |
Жалдау құқығын сату (6 жыл) |
1 150 200 |
5400 |
145 850 |
|
24 |
Атамекен ауылдық округі |
Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін (коммерциялық нысан құрылысы) |
0,0700 |
Жеке меншік |
1 848 000 |
504 |
145 850 |
|
25 |
Басқұдық ауылдық округі |
Өндірістік база құрылысын салу үшін |
0,1395 |
Жеке меншік |
1 718 640 |
1004 |
145 850 |
|
26 |
Маңғыстау ауылы |
Коммерциялық нысан құрылысын салу үшін |
0,06 |
Жеке меншік |
1 458 000 |
432 |
145 850 |
|
27 |
Маңғыстау ауылы |
Коммерциялық нысан құрылысын салу үшін |
0,06 |
Жеке меншік |
1 458 000 |
432 |
145 850 |
|
28 |
Қызылтөбе ауылдық округі |
Өндірістік база құрылысын салу үшін |
2,0743 |
Жалдау құқығын сату (3 жыл) |
2 822 707 |
14 939 |
145 850 |
Ұйымдастырушы: «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, анықтама алу үшін телефон: 8 (7292) 466118.