Мұнайлы ауданының әкімі Р.Елтизаровтың аудан тұрғындарымен өткен қорытынды есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынанқойылған сұрақтар мен берілген ұсыныс – пікірлерді орындау үшін 2021 жылға жасақталған
іс-шаралар жоспарының IIІ тоқсан бойынша орындалысы туралы
|
№ |
Іс-шара жоспары |
Орындалысы |
|
1 |
Дәулет ауылдық округінде жаңадан салынатын тұрғын үйлердің газ желісінің құрылысын бастау |
Ағымдағы жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер «АБТМ» ЖШС.Құрылыс-монтаж жұмыстары 25%-орындалды. Алайда құрылыс материалдарының қымтаттауына байланысты құрылыс монтаж жұмыстары тоқталылып, жоба түзету еңгізу жұмыстары атқарылуда. |
|
2 |
Қызылтөбе ауылдық округінде жаңадан салынатын тұрғын үйлердің газ және тоқ желісі құрылысын бастау |
Қызылтөбе ауылдық округінде жаңадан салынатын тұрғын үйлердің газ желісі құрылысы 2020 жылдың тамыз айында басталды. Мердігер мекеме - «АБТМ» ЖШС.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 80 %-ы орындалды. 2021 жылдың қазан айының соңында аяқтау жоспарланып отыр. Электр желісі ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Мердігер «Айком LTD» ЖШС. ҚМЖ жалғасуда, орындалысы 40%. Жыл соңында аяқтау жоспарлануда. |
|
3 |
Баянды ауылында су тұщыту қондырғысын орнату
|
Баянды ауылында су тұщыту қондырғысын орнату үшін тиісті қаражат бөлініп, 4000 м3 су тұщыту қондырғысы жаңартылып ағымдағы жылдың маусымайында қолданысқа берілді.
|
|
4 |
Басқұдық ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысын аяқтау |
Басқұдық ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысының жұмыстары 90%-ы орындалды. Мердігер мекеме - МТС Ақтау ЖШС. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қалған қаражатқа құрылыс нысанын толық аяқтау мүмкіндік болмауда. Мердігер тарапынан жобаға түзету еңгізу сұрайды.
|
|
5 |
Маңғыстау ауылында жаңа салынатын тұрғын үйлердің электр желісі құрылысын бастау |
"Маңғыстау ауылында жаңа салынатын тұрғын үйлерге электр желісі" бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мердігер - «Айком LTD» ЖШС. Келісімшарт құны – 99 049,75 мың теңге. 90 млн.теңге қаражаты игеріліп, құрылыс монтаждау жұмыстары 95%-ға орындалды. Қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. |
|
6 |
Басқұдық ауылдық округінен 1200 және 600 орындық мектеп құрылысын бастау
|
Басқұдық ауылдық округі, Алау т.м. 1200 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер мекеме – «Оңдасын Строй» ЖШС. Басқұдық ауылдық округі, Жаңақоныс т.м. 600 орындық мектеп нысанының құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.Мердігер - «Альянс LTD» . |
|
7 |
Басқұдық ауылдық округінің орталық бас жолы мен «Қошқар Ата» көліне баратын канал бойымен Ақшұқыр жолына қосылатын айналма жол құрылысын бастау |
Басқұдық ауылдық округінің орталық бас жолы мен «Қошқар Ата» көліне баратын канал бойымен Ақшұқыр жолына қосылатын айналма жол құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу шаралары толық жүргізілді. Мердігер мекеме «МКДСМ» ЖШС. Қазіргі таңда, қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Қаражат мәселесі оң шешімін тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
8 |
Басқұдық ауылдық округін сумен қамту жүйесінің құрылысын аяқтау |
Басқұдық ауылдық округін сумен қамту жүйесінің құрылыс жұмыстары жалғасуда, қазан айынның соңында аяқтау жоспарланып отыр. Мердігер мекеме - «Альянс LTD» ЖШС. |
|
9 |
Қызылтөбе, Батыр ауылдық округтерінен және Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын үй массивінен әрқайсысы 1200 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамадан алу |
Қызылтөбе ауылдық округінде 1200 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамадан оң қортындысы алынып, қазіргі таңда, Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапымен мердігер жеңімпазды анықтауға «Мемлекеттік сатып алулар» порталына конкурс ұйымдастырылуда. Батыр және Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын үй массивінен әрқайсысы 1200 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен жобалық жұмыстарды басқарма балансына беру мақсатында алу -беру жұмыстары жасалуда.
|
|
10 |
Мұнайлы аудандық орталық аурухана құрылысын бастау |
Жергілікті бюджеттен 1 млн. теңге бөлініп, 2021 жылдың 21 мамыры күні нысан құрылысына №5874739-1 конкурстық рәсімдер жарияланды. Қорытынды хаттамаға сәйкес жеңімпаз мекеме «Еврострой-А» ЖШС болып анықталды. Құрылыс монтаж жұмыстары басталуда.
|
|
11 |
Атамекен ауылдық округіне қарасты Қаламқас, Жалын, Туған ел, Тамшалы және Арай тұрғын массивтерінен 38 шақырым ауылішілік жол құрылысының жобалық – сметалық құжатын жасақтауды бастау |
Атамекен ауылдық округіне қарасты Қаламқас, Жалын, Туған ел, Тамшалы және Арай тұрғын массивтерінен 38 шақырым ауылішілік жол құрылысының жобалық – сметалық құжатын жасақталуда. |
|
12 |
Қызылтөбе ауылдық округіндегі жер астымен тартылған газ құбырын жер бетіне шығару мақсатында, жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтау |
Қызылтөбе ауылдық округіндегі жер астымен тартылған газ құбырын жер бетіне шығару жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға тапсырылып оң қорытындысы алынды. Бюджеттік өтінім жолданды.
|
|
13 |
Адай базасынан Баянды ауылы аралығындағы автокөлік жолына түнгі жарық шамын орнатуға жоба жасақтау |
Адай базасынан Баянды ауылы аралығындағы автокөлік жолына түнгі жарық шамын орнатуға жобалық сметалық құжаттары жасақталды. Құрылысын қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім жолданды.
|
|
14 |
Маңғыстау ауылында кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарын жалғастыру |
Маңғыстау ауылында кәріз жүйесі бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Мердігер мекеме - «СМК-4» ЖШС. 2021 жылға РБ-дан 1 млрд.теңге бөлініп, толықтай игерілді. Аталған нысан 2022 жылы өтпелі кезеңмен құрылысы жалғасатын болады. |
|
15 |
Маңғыстау ауылында 4 қабатты 24 пәтерлік 30 үйдің электр және сыртқы инженерлік жүйесі құрылысын жүргізу
|
Маңғыстау ауылында 4 қабатты 24 пәтерлік 30 үйдің электр және сыртқы инженерлік жүйесі құрылысын жүргізу үшін «Актау+НШ» ЖШС және «Нұржол Құрылыс» ЖШС мен келісімшарт жасақталды. Сыртқы және ішкі инженерлік желісі бойынша мердігер мекеме – «Актау+НШ» ЖШС.Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Электр желісі бойынша мердігер – «Нұржол Құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Жұмыс жалғасуда. |
|
16 |
Батыр ауылдық округінде 4 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау. |
Батыр ауылдық округінде 4 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме - «Альянс LTD» ЖШС. 2021 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға республикалық бюджеттен қаржысының толық қаралды. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. |