Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы
(2021 жылдың 21 қыркүйегі мен 29 қыркүйегі аралығында)
Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
Аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының Е-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
|
Е-R-1 |
354 069 |
406714 |
«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы i.nurmukhan@mangystau.gov.kz, төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Санаты Е-R-1, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Ауданда шағын және орта бизнестің дамуына барынша қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстарды жүргізу. Аудан бойынша кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризмді дамыту жөніндегі қызметі саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асыруын және орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру.Белгіленген тәртіпке сәйкес қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметін, бюджет қаржысын тиімді және мақсатты жұмсалуын қадағалау. Аудандағы ауыл шаруашылығы саласының макроэкономикалық көрсеткіштерінің мониторингін жүргізу. Шағын және ортақ субъектілерінің статистикалық органдарына, статистикалық есептіліктерін (айлық, тоқсандық, жылдық) тапсыру бойынша жұмыстарын бақылау. Ауыл шаруашылығы саласындағы бөлімге жүктелген мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі мерзімінде көрсетілуін қамтамасыз ету. Бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мерзім бұзушылықты болдырмауды қадағалау. Аудан аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырылуын бақылауда ұстайды;туристік қызмет көрсету нарығын талдайды және басқару органына аудан аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсынады; Қаржының толық, сапалы игерілуіне бақылау жүргізу. Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық ету. Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындау және босату. Қызметкерлерді көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар беру мәселелерін шешу.Аудан әкімінің нормативті – құқықтық актілерге талдау жасайды. Бөлімге қатысты қаулылар дайындайды және ауданға ұсынады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Бизнес, басқару және құқық (Бизнес және басқару, Құқық). Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (Математика және статистика). Ауыл шаруашылығы және биоресурстар. Қызмет көрсету (қызмет көрсету саласы).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________________
Байланыс телефоны: _____________________________________________________
e-mail: _________________________________________________________________
ЖСН: __________________________________________________________________
________________ ______________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________
|
||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ Подпись кандидата |
_______________ |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 14 бұйрығымен бекітілген
нысан
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ |
|
__________________________________________
__________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
__________________________________________
__________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, санаты/
место работы, должность, категория)
___________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный
идентификационный номер)
|
Туылған күні (күнi, айы, жылы)/ |
|
|
Туылған жерi/Место рождения |
|
|
Ұлты/Национальность* |
|
|
Бiлiмi/Образование |
|
|
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/ |
|
|
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi/ |
|
|
Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/ |
|
|
Шет тiлдерiн бiлуi/ |
|
|
Дипломатиялық дәрежесi (болған жағдайда)/ |
|
|
Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi, біліктілік сыныбы (беру күні) (болған жағдайда)/ |
|
|
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/ |
|
|
Арнайы тексеру нәтижелерi/ |
|
|
Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi/ Дата принесения присяги государственным служащим |
|
|
Тәртiптiк жазалар туралы мәлiмет/ |
|
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (қолданылған және орындалған күні)/ |
|
|
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (тәртiптiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы)/ |
|
|
Мемлекеттік қызметшінің жұмысын бағалау нәтижелері туралы мәлімет (күні және бағасы)/ |
|
|
Аттестациядан өткен күнi және нәтижелерi/ |
|
|
Қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні/ |
* қалауы бойынша толтырылады/заполняется по желанию
Мөрдің орны
Место печати
|
Күні/ Дата |
Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жерi/ |
|
|
қабылданған/ приема |
босатылған/ увольнения |
|
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы/
Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы):
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при наличии))
Қолы __________________ _______ жыл «__» _____________ айы
Подпись________________ «__» ____________месяц ________год
Мөрдің орны
Место печати