Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен (бұдан әрі-Департамент) – Мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.11.2015 жылғы №598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында белгіленген тәуекелдер бейіндеріне сәйкес камералдық бақылау жүргізіледі.
Осылайша, Департамент2021 жылдың 6 айында жалпы сомасы 53 569,4млн теңгеге 19 520 мемлекеттік сатып алуына (лоттарды) камералдық бақылау жүргізіліп, нәтижесімен жалпы сомасы 15 699,6 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталып, 251 мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданылды.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 6 айында Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің әрекеттеріне шағым жасаған жеке және заңды тұлғалардың 783 өтініші қаралды.