Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2021 жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі.

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңында белгіленген құзыретіне сәйкес ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Департаментпен 2021 жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 127 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, жалпы сомасы 50 837,0 млн.теңге көлемінде бюджет қаражаттары қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 40 410,8 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды (қаржылық есептілік аудитін қоса алғанда), оның ішінде: қаржылық сипаттағы бұзушылықтар – 35 029,9 млн.теңге, мемлекеттік сатып алулар бойынша – 2 202,1 млн.теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 3 178,8 млн.теңге.

Тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде аудит объектілеріне – 82 нұсқама жолданып, одан – 63 нұсқама толық орындалса, қалғаны өндірісте.

Орындалған нұсқамалардың нәтижесінде аудит объектілірінің заң бұзушылықтарға жол берген 92 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Жоғарыда аталған қаржылық бұзушылықтар бойынша 86,7 млн.теңге немесе 62,2 % бюджетке өндіріліп, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету арқылы – 1 987,9 млн.теңгеге немесе 97 % қалпына келтірілсе, 32 840 млн.теңге немесе 100 % бухгалтерлік есепке алынды.

Департамент тарапынан аудит объектілірінің лауазымды тұлғаларына қатысты 229 әкімшілік хаттама шығарылып, 10,7  млн.теңге әкімшілік айыппұл салынып, толықтай тиісті бюджетке өндірілді.

Есепті кезеңде облыстың құқық қорғау органдарына тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданған 8 аудит материалының,
4 материалы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарының сақталуына жүргізілген камералдық бақылау нәтижесімен жалпы сомасы 15 699,6 млн.теңгеге бұзушылықтарды жоюға 251 хабарлама жолданды.

Департаментте және тексеру объектілерінде жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау және бюджет заңнамаларының талаптарының бұзылуына жол бермеу бағытында – 25 семинар-кеңес өткізілді.

 

Дата публикации
13 сентября 2021