|
№ |
Іс-шара жоспары |
|
1 |
Қызылтөбе, Батыр ауылдық округтерінен және Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын үй массивінен әрқайсысы 1200 орындық және Басқұдық ауылдық округінен 1200 және 600 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамадан алу |
|
2 |
Ескі №17 бекет қиылысына автокөліктердің қозғалысына арналған бағдаршам орнату |
|
3 |
Басқұдық ауылдық округінің орталық бас жолы мен «Қошқар Ата» көліне баратын канал бойымен Ақшұқыр жолына қосылатын айналма жол құрылысын бастау |
|
4 |
Қызылтөбе, Басқұдық ауылдық округтерін сумен қамту жүйелерінің құрылысын жалғастыру |
|
5 |
Атамекен ауылдық округіне ауылішілік 3 шақырым автокөлік жолының құрылысын бастау |
|
6 |
Маңғыстау ауылының Айрақты тұрғын үй массивінің сумен қамту жүйесінің құрылысын аяқтау және Бесшоқы тұрғын үй массивін сумен қамту жүйелерінің құрылысын жалғастыру |
|
7 |
Басқұдық ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысын жалғастыру |
|
8 |
Батыр ауылдық округінде ауылішілік көше жолдары құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарының мемлекеттік сараптама қорытындысын алу және құрылысын бастау үшін қаржы көзін қарастыру |
|
9 |
Адай базасынан Баянды ауылы аралығындағы автокөлік жолына түнгі жарық шамын орнатуға жоба жасақтап, құрылыс жұмыстарын бастау |
|
10 |
Дәулет ауылдық округінен Баянды ауылына теміржол арқылы өтетін автокөлік жолының 500 метр жеріне асфальт жол салу |
|
11 |
Мұнайлы аудандық орталық аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамадан алу |
|
12 |
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында, Қызылтөбе ауылдық округінің 20 шақырымды және Баянды ауылының 3,5 шақырымды ауылішілік автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізу |
|
13 |
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында білім беру ұйымдарын іске қосу |
|
14 |
Әр ауылдарда балалар ойын алаңдары мен жасөспірімдерге арналған спорт кешендерін салу |