Мұнайлы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде№ 15689 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мұнайлы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 238-қ «Мұнайлы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3468 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д. Мураталиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары           Б. Сүлейменовке  жүктелсін.
  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
каз
Дата публикации
05 марта 2020