Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 10 «Басқұдық ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 10 «Басқұдық ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Басқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

  1. Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 10 «Басқұдық ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін.

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Басқұдық ауылдық округі «Металург» саяжай алабы және «КазАзот» акционерлік қоғамы химиялық комбинатынан «Қошқар-Ата» өлі көліне құятын арық аралығында, «Басқұдық-Маңғыстау» бағытындағы автокөлік жолының сол жағында орналасқан «Энтузиаст» өндірістік кооперативі «Жаңа қоныс» тұрғын-үй массиві деп аталсын.».

  1. «Басқұдық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімнің Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                    Ж. Құрманов

Дата публикации
20 августа 2021