Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарынасәйкес, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №05-10/7596-И ақпараттық хатының негізінде, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 44-қ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4464 болып тіркелген, 2021 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Ақниязова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.