«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің терроризм профилактикасы жөніндегі бас маманы

Мұнайлы ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық конкурс қатысушыларына ішкі конкурс туралы хабарландыруы

 

(2021 жылдың 28 шілдесі мен 30 шілдесі аралығында)

 

Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

 

Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

100 696

136 444

«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы g.masalimova@mangystau.gov.kz, төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің терроризм профилактикасы жөніндегі бас маманы, санаты Е-4, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Терроризмге қарсы комиссия (одан-әрі комиссия) аппаратының жұмысын ұйымдастыру, терроризмге қарсы іс-қимыл жоспарлары мен  бағдарламаларының жобасын әзірлеу, комиссияның отырысын дайындау және өткізуді қамтамасыз ету, орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті материалдар мен ақпараттарды сұрату және комиссияға ұсыну, комиссияның есептерін, отырыс хаттамаларын, анықтамаларын, ақпараттық-талдамалық материалдарын облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратына мерзімінде жолдау, терроризмге қарсы комиссияның іс қағаздарын жүргізуін жүзеге асыру. Діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуының алдын-алу бағытында түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау, әдістемелік көмек көрсету; діни көзқарасына байланысты білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасын киюден және медициналық вакцинациялаудан бас тартқан азаматтарды анықтау түсіндіру жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасау, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру; аудан тұрғындары соның ішінде жастардың деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстарға бақылау жасау, жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз ету; деструктивті діни ағымды ұстанатын азаматтарды оңалту бағытында теолог мамандармен кездесуін ұйымдастыру; деструктивті діни ағымды ұстанатын азаматтардың әлеуметтік паспортын жасақтау; деструктивті діни идеологияға әсер ететін негізгі факторларды жою бойынша жұмыстар жүргізу. Террористік тұрғыдан осал объекті басшыларының, Маңғыстау облысы аумағында терроризмге қарсы дайындықтық бірыңғай күнін өткізу тәртібіне сәйкес іс-шаралардың ұйымдастыруын бақылау және аудан бойынша терроризмге қарсы дайындықтық бірыңғай күнін өткізілуі жөнінде облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратына ақпарат жолдау. Аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін аппараттық кеңестің, селекторлық жиналыстардың, аудан активін, жиналыстар мен басқа да кездесулердің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; Бюджет саласы бойынша хаттамалық тапсырмаларды жинақтайды және қадағалайды. Аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде түскен ұсыныс пікірлердің, аудан әкімінің іс-қимыл жоспарының орындалысына бақылау жасап, тоқсан сайынғы орындалысын облыс әкімінің аппаратына және жергілікті басылымға жариялауды ұйымдастыру; Бөлімге келіп түскен хаттардың уақытылы және сапалы орындалуын қаматмасыз ету; Ауданның қоғамдық-саяси ахуалы мен оперативтік жағдайы туралы күнделікті басшылыққа белгіленген тәртіп бойынша баяндап отыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Педагогикалық ғылымдар (Жалпы дамытуда пәндік мамандандырылған мұғалімдерді даярлау). Өнер және гуманитарлық ғылымдар (Гуманитарлық ғылымдар). Бизнес, басқару және құқық. Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (Әлеуметтік ғылымдар). Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (Қоғамдық қауіпсіздік).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш ;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

 Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде.                               Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

 Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

     Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

Мекен жайы: ___________________________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________________

e-mail: _________________________________________________________________

ЖСН: _________________________________________________________________

 

_________                                         ________________________________________________

      (қолы)                                                                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

 КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения







 



 

_____________________
Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________
күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 21 қазандағы  
№ 14 бұйрығымен бекітілген 

нысан

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК ГОСУДАРСТВЕННОГО
СЛУЖАЩЕГО
I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР
ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

фото
3х4

      __________________________________________
      __________________________________________
      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
      фамилия, имя, отчество (при наличии))
      __________________________________________
      __________________________________________
      (жұмыс орны, лауазымы, санаты/
      место работы, должность, категория)
      ___________________________________________
      (жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный
      идентификационный номер)

Туылған күні (күнi, айы, жылы)/
Дата рождения (число, месяц, год)

 

Туылған жерi/Место рождения

 

Ұлты/Национальность*

 

Бiлiмi/Образование

 

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi/
Квалификация по специальности

 

Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками

 

Дипломатиялық дәрежесi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг (при наличии)

 

Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi, біліктілік сыныбы (беру күні) (болған жағдайда)/
Воинское, специальное звание, классный чин, квалификационный класс (дата присвоения) (при наличии)

 

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/
Государственные награды, почетные звания(при наличии)

 

Арнайы тексеру нәтижелерi/
Результаты специальной проверки

 

Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi/ Дата принесения присяги государственным служащим

 

Тәртiптiк жазалар туралы мәлiмет/
Сведения о дисциплинарных взысканиях

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (қолданылған және орындалған күні)/
Сведения о наложении административного взыскания за совершение коррупционного правонарушения (дата наложения и исполнения)

 

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (тәртiптiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы)/
Сведения о наложении дисциплинарного взыскания за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу (о совершении коррупционного дисциплинарного правонарушения)

 

Мемлекеттік қызметшінің жұмысын бағалау нәтижелері туралы мәлімет (күні және бағасы)/
Сведения о результатах оценки деятельности государственного служащего (дата и оценка)

 

Аттестациядан өткен күнi және нәтижелерi/
Дата и результаты аттестации

 

Қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні/
Дата прохождения курсов переподготовки
(переквалификации) и повышения квалификации

 

* қалауы бойынша толтырылады/заполняется по желанию

Мөрдің орны
Место печати

 

 

 

 

  1. II. ЕҢБЕК ЖОЛЫ
    ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/ Дата

Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жерi/
Должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения

 
     
     
     

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы/
Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы):
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при наличии))

Қолы __________________ _______ жыл «__» _____________ айы
Подпись________________ «__» ____________месяц ________год

Мөрдің орны
Место печати

 

Дата публикации
27 июля 2021