МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТАРЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

 

1

Атауы

Мұнайлы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы

2

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 4 наурыздағы №931 «ҚР Мемлекеттік басқару жүйесінің әрі қарай қызмет етудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2018 жылы 19 желтоқсанды №104 бұйрығымен бекітілген «Көрсеткіштердің базалық тізбесіне», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығы.

3

Өңірдің негізгі сипаттамалары

      Мұнайлы ауданы 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен  құрылған.

      Ауданның аумағы 492,2 мың га. (Маңғыстау облысы аумағының жалпы ауданының (16 564,2 мың га)  3%)

      Ауданның құрамына 7 ауыл, ауылдық округ кіреді: Маңғыстау ауылы, Баянды ауылы, Қызылтөбе ауылдық округі, Дәулет ауылдық округі, Атамекен ауылдық округі, Басқұдық ауылдық округі, Батыр ауылдық округі. Аудан орталығы – Маңғыстау ауылы. Тұрғындардың жалпы саны – 159,2 мың адам, тұрғындардың негізгі бөлігін оралмандар құрайды.

      Маңғыстау ауылында Маңғыстау темір жол бөлімі қызмет етеді. Аудан тұрғындарының басым көпшілігі Ақтау қаласында өндірістерде және жеке шаруа қожалықтарында  жұмыс істейді.

4

Бағыттар

1.      Экономика

2.      Әлеуметтік сала

3.      Инфрақұрылым

5

Мақсаттар

Өнеркәсіп өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өңдеу өнеркәсібінің дамуын қамтамасыз ететін ауданның бәсекеге қабілетті мамандандыруларын қалыптастыру, кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, ауданның инвестициялық жобалары мен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда қазақстандық және жергілікті қамту үлесін арттыру.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту, тұтынушыларын қанағаттандыруға жеткілікті көлемде өндіру негізінде ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарық инфрақұрылымын дамыту.

Ауданда сауда көлемін арттыру.

Білім берудің сапасы мен  қолжетімділігін жақсарту.

Медициналық көмектің тиімді жүйесін негіздеу. Медициналық көмектің тиімді жүйесін негіздеу.

Еңбекті жоғарылату нәтижесінде,әлеуметтік көмектер мен әлеуметтік қызметтерді көрсету.

Тұтынушылардың мәдениет және саласы қызметінің сапасымен қанағаттандыру.

Халықтың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қорғаныс және жұмылдыру дайындығы мәселелері.

Аудан көлемінде тұрғын үй құрылысын, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың тіршілік қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау және энергетикалық, инженерлік, көлік, су шаруашылығы инфраструктурасының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету.

Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істеуінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашлық қызметінің тиімділігін арттырудың сенімділігі.

Тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, табиғи кешеннiң өсiмге арналған потенциалының сақтауын және қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту.

 



Мұнайлы ауданы, 2019 жыл
Дата публикации
27 февраля 2020