«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

2021 жылдың 12 шілдесі мен 23 шілдесі аралығында

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50  қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарлаймыз.Конкурс өткізу кезеңі: 2021 жылдың маусым- қазан айлары.Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтарда әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдері қатыса алады.          Конкурсқа құжаттар 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

       Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінң аумақтық Департаментінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған (Әдістемелік ұсыным сілтемесі).

Мұнайлы ауданы бойынша: Дәулет ауылдық округінің әкімі Беков Нұрберді Андирович және Атамекен ауылдық округінің әкімі Мустафаев Нурхан Алиханович үміткер ретінде қатысуға ниет білдірді.

         Конкурс құжаттарын e.ospan mangystau.gov.kz. және g.masalimova mangystau.gov.kz.  эл. поштасына жолдаңыз. Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 87292466231 тел. нөміріне хабарласуға болады.

Дата публикации
09 июля 2021