Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 100-қ «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 100-қ «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына  квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 100-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4514 болып тіркелген), 2021 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының  қосымшасына сәйкес белгіленсін.».

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Ақниязова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің  орынбасары  Е.Күмісқалиевке  жүктелсін.                                                                                           
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мұнайлы ауданының әкімі

 

             Р. Елтизаров

Дата публикации
08 июля 2021