Мұнайлы ауданының әкімі Р.Елтизаровтың аудан тұрғындарымен өткен қорытынды есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен берілген ұсыныс – пікірлерді орындау үшін 2021 жылға жасақталған іс-шаралар жоспарының II тоқсан бойынша орындалысы туралы

Мұнайлы ауданының әкімі Р.Елтизаровтың аудан тұрғындарымен өткен қорытынды есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен берілген ұсыныс – пікірлерді орындау үшін 2021 жылға жасақталған

іс-шаралар жоспарының II тоқсан бойынша орындалысы туралы

 

№

Іс-шара жоспары

Орындалысы

1

Дәулет ауылдық округінде жаңадан салынатын тұрғын үйлердің газ желісінің құрылысын бастау

Ағымдағы жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер «АБТМ» ЖШС. Құрылыс-монтаж жұмыстары 25%-орындалды. Құрылыс жұмыстар жүргізілуде.

2

Қызылтөбе ауылдық округінде жаңадан салынатын тұрғын үйлердің газ және тоқ желісі құрылысын бастау

Қызылтөбе ауылдық округінде жаңадан салынатын тұрғын үйлердің газ желісі құрылысы 2020 жылдың тамыз айында басталды. 2021 жылдың соңыңа дейін аяқтау жоспарланып отыр. Мердігер мекеме - «АБТМ» ЖШС.«Айком LTD» ЖШС

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 80 %-ы орындалды. Құрылыс жұмыстарын тамыз айында толықтай аяқтау жоспарланып отыр.

 

3

Баянды ауылында су тұщыту қондырғысын орнату

 

Баянды ауылында су тұщыту қондырғысын орнату үшін  тиісті қаражат бөлініп, 3000 м3 су  тұщыту қондырғысы жаңартылып ағымдағы жылдың 22 маусымында қолданысқа берілді.

 

4

Басқұдық ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысын аяқтау

      Басқұдық ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысының  жұмыстары  85 %-ы орындалды. Мердігер  мекеме - МТС Ақтау ЖШС

.

5

Маңғыстау ауылында жаңа салынатын тұрғын үйлердің электр желісі құрылысын бастау

"Маңғыстау ауылында жаңа салынатын тұрғын үйлерге электр желісі" бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мердігер - «Айком LTD» ЖШС.. Тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.

6

Басқұдық ауылдық округінен 1200 және 600 орындық мектеп құрылысын бастау

 

Басқұдық ауылдық округі, Алау т.м. 1200 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталды.  Мердігер мекеме – «Оңдасын Строй» ЖШС. 

Басқұдық ауылдық округі, Жаңақоныс т.м. 600 орындық мектеп нысанының құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.Мердігер - «Альянс LTD» .

7

Басқұдық ауылдық округінің орталық бас жолы мен «Қошқар Ата» көліне баратын канал бойымен Ақшұқыр жолына қосылатын айналма жол құрылысын бастау

Басқұдық ауылдық округінің орталық бас жолы мен «Қошқар Ата» көліне баратын канал бойымен Ақшұқыр жолына қосылатын айналма жол құрылысын бастау үшін қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Қаражат мәселесі оң шешімін тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

8

Басқұдық ауылдық округін сумен қамту жүйесінің құрылысын аяқтау

Басқұдық ауылдық округін сумен қамту жүйесінің құрылыс жұмыстары жалғасуда шілде айында  аяқтау жоспарланып отыр. Мердігер мекеме - «Альянс LTD» ЖШС.

9

Қызылтөбе, Батыр ауылдық округтерінен және Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын үй массивінен әрқайсысы 1200 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамадан алу

Қызылтөбе ауылдық округінде 1200 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамадан оң қортындысы алынды, Батыр және Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын үй массивінен әрқайсысы 1200 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамаға тапсырылды.

Қазіргі таңда, Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен жобалық жұмыстарды басқарма балансына беру мақсатында алу -беру жұмыстары жасалуда.

 

10

Мұнайлы аудандық орталық аурухана құрылысын бастау 

Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан

мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

11

Атамекен ауылдық округіне қарасты Қаламқас, Жалын, Туған ел, Тамшалы және Арай тұрғын массивтерінен  38 шақырым ауылішілік жол құрылысының жобалық – сметалық құжатын жасақтауды бастау

Атамекен ауылдық округіне қарасты Қаламқас, Жалын, Туған ел, Тамшалы және Арай тұрғын массивтерінен  38 шақырым ауылішілік жол құрылысының жобалық – сметалық құжатын жасақталуда. Қазіргі таңда өлшеу жұмыстары аяқталып, жобалау жұмыстары жүргізілуде.

12

Қызылтөбе ауылдық округіндегі жер астымен тартылған газ құбырын жер бетіне шығару мақсатында, жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтау

Қызылтөбе ауылдық округіндегі жер астымен тартылған газ құбырын жер бетіне шығару жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға  тапсырылып оң қорытындысы алынды.

 

13

Адай базасынан Баянды ауылы аралығындағы автокөлік жолына түнгі жарық шамын орнатуға жоба жасақтау

Адай базасынан Баянды ауылы аралығындағы автокөлік жолына түнгі жарық шамын орнатуға жобалық сметалық құжаттары жасақталып, сараптама қорытындысын алу  үшін құжаттар топтамасы сараптама орталығына табысталды.

14

Маңғыстау ауылында кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарын жалғастыру

Маңғыстау ауылында кәріз жүйесі бойынша  құрылыс жұмыстары жалғасуда. Мердігер мекеме - «СМК-4» ЖШС. 

15

Маңғыстау ауылында 4 қабатты 24 пәтерлік 30 үйдің электр және сыртқы инженерлік жүйесі құрылысын жүргізу

 

Маңғыстау ауылында 4 қабатты 24 пәтерлік 30 үйдің электр және сыртқы инженерлік жүйесі құрылысын жүргізу үшін «Актау+НШ» ЖШС және «Нұржол Құрылыс» ЖШС мен келісімшарт жасақталды.

Сыртқы және ішкі инженерлік желісі бойынша мердігер мекеме – «Актау+НШ» ЖШС.Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталды.

Электр желісі бойынша мердігер – «Нұржол Құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Жұмыс жалғасуда.

 

 

16

Батыр ауылдық округінде 4 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау.

Батыр ауылдық округінде 4 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме - «Альянс LTD» ЖШС. 2021 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға республикалық бюджеттен қаржысының 80%-ы пайызы қаралды. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Дата публикации
01 июля 2021