2021 жылдың 1 шілде жағдайына жергілікті және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат
Аудан бойынша кірістер бөлігінің жылдық жоспары 4 450,9 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 1 876,7 млн. теңге, орындалысы 2 072,1 млн. теңге немесе 110,4 пайызды құрады.
3 категория бойынша түсімдер жылдық жоспар 3 750,2 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 1 657 млн. теңге, орындалысы 1 783,4 млн. теңге немесе 107,6 пайызды құрады.
І.Салықтық түсімдер жылдық жоспар - 3 525,4 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 1 525,7 млн. теңгенің, орындалысы 1 601,9 млн. теңге немесе 105 пайыз;
ІІ.Салықтық емес түсімдер жылдық жоспар – 71,9 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 12,5 млн. теңгенің, орындалысы 26,1 млн. теңге немесе 209,1 пайыз;
ІІІ.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жылдық жоспар - 152,9 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 118,8 млн. теңгенің, орындалысы 155,3 млн. теңге немесе 130,7 пайыз;
ІV деңгейлі бюджеттің, яғни ауыл, ауылдық округ бюджетінің кірістер бөлігінің жылдық жоспары – 700,7 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 219,7 млн. теңгенің, орындалысы 283,6 млн. теңге немесе 129,1 пайыз;
Ауыл, ауылдық округтер бөлінісінде орындалысы: Басқұдық –107,9%, Дәулет – 109,4%, Маңғыстау – 175,7%, Батыр – 110,2%, Баянды – 143,6%, Атамекен – 127,1%, Қызылтөбе – 113,6%.
Шығыстар бөлігінің 2021 жылға жылдық жоспары 19 255,0 млн. теңге, 1 шілде жағдайына жоспарланған 7 756,0 млн. теңгенің орындалысы 7 756,0 млн. теңге немесе 100% құрайды.
Республикалық бюджеттен бөлінген бойынша 2021 жылға жылдық жоспары 7 703,2 млн. теңге, 1 шілде жағдайына жоспарланған 2 596,4 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 2 596,4 млн. теңге немесе 100% құрап отыр.
Жергілікті бюджет бойынша 2021 жылға жылдық жоспары 11 551,9 млн. теңге 1 шілде жағдайына жоспарланған 5 159,6 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 5 159,6 млн. теңге немесе 100% құрап отыр.