Батыр ауылдық округі бойынша бөлек жиындардың шешімдерімен сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткізілген жиынының хаттамасы

Батыр ауылдық округі бойынша бөлек жиындардың шешімдерімен сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткізілген жиынының

 

№10 ХАТТАМАСЫ

 

«21» маусым 2021 жыл                                                 Батыр ауылдық округі

 

Төрағалық еткен: Батыр ауылдық округі жергілікті қоғамдастық төрағасы     А. Елтеш

Қатысқандар: Батыр ауылдық округі әкімінің бас маманы Ершаев Руслан Вайтахунович, жергілікті қоғамдастық төрағасы, Елтеш Амантұрлы Ағнұрұлы, хатшы Біләл Алпамыс Нұрқасымұлы, Жергілікті қоғамдастық мүшелері: қатысқандар 17 адам, катыспағандар – жоқ . Барлығы 17 адам.

Күн тәртібінде:

 

  1. Батыр ауылдық округінің шағын аудандарына атау беру.
  2. Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы.

Күн тәртібі бойынша сөз алған Батыр ауылдық округі әкімі С. Айтбаев, Батыр ауылдық округінің құрамдас бөліктеріне атау беру мәселесі бойынша заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Осыған байланысты, Батыр ауылдық округі бойынша бөлек жиындардың шешімдерімен сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің, яғни Сіздердің қатысуларыңызбен Батыр ауылы халқының пікірін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы шағын аудандарға (құрамдас бөліктеріне) атау беру мәселесі қаралатын болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы №475 бұйрығымен бекітілген «Аймаққа бөліу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» нормативтік-құқықтық актіні басшылыққа алып, ауылдық округ бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекітетін боламыз.

Күн тәртібіндегі мәселе қаралып, ашық дауыс беру арқылы жергілікті қоғамдастықтың жиыны төмендегідей ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Батыр ауылдық округі округінің шағын аудандарына атау беру:

- «Ақтау – Жаңаөзен» республикалық маңыздағы автомобиль жолының бойында орналасқан шағын аудандарды – «Емір шағын ауданы», «Шерқала шағын ауданы», «Самал шағын ауданы», «Тамшалы шағын ауданы»;

- Қызылтөбе-2 тұрғын үй массиві - карьер тас жолы бойындағы шағын аудандарға – «Хазар шағын ауданы», «Астана шағын ауданы», «Алматы шағын ауданы», «Болашақ шағын ауданы» атаулары берілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы №475 бұйрығымен бекітілген «Аймаққа бө

\у коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» нормативтік-құқықтық акті басшылыққа алынып, жылжымайтын мүліктің қатыстылық факторлары мен төменгі факторларының атауына  түсіндірме тыңдалып, Батыр ауылдық округі бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті 1.6 болып  бекітілсін.

 

№

Аты-жөні

Қызметі

Дауыс беру нәтижесі

Қолы

Қолдағандар

Қарсы болғандар

1

Елтеш Амантұрлы

төраға

 

 

 

 

2

Қияқбаев Абен

 

 

 

 

 

3

Табунаев Шихмурат

 

 

 

 

 

4

Давлетова Джамиле

 

 

 

 

 

5

Дуйсенов Оразбай

 

 

 

 

 

6

Абиев Ибраим

 

 

 

 

 

7

Карасаев Марат

 

 

 

 

 

8

Утениязова Феруза

 

 

 

 

 

9

Алгашбаев Жанабил

 

 

 

 

 

10

Куттымуратов Куанышбек

 

 

 

 

 

11

Жумабеков Адилбек

 

 

 

 

 

12

Нұрманов Елемес

 

 

 

 

 

13

Дауылбаев Айбат

 

 

 

 

 

14

Шонмуринова Шынарай

 

 

 

 

 

15

Нұрбаева Айжан

 

 

 

 

 

16

Абдугафарова Райхан

 

 

 

 

 

17

Камалова Эльмира

 

 

 

 

 

18

А. Біләл

хатшы

 

 

 

 

Дауыс беру қорытындысы бойынша:  қолдағандар саны – 17 адам;

                                                                  қарсы болғандар саны – жоқ.

Дата публикации
28 июня 2021