Мұнайлы ауданы әкімінің атына жазылған азаматтардың өтініштері бойынша статистикалық мәліметтер

Аудан әкімінің аппаратына өтініштердің түсу динамикасы бойынша:

2021 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша аудан әкімінің аппаратына 680 өтініш келіп түсті. Өткен 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18% азайған (өткен жылы 830 өтініш болған). Оның ішінде 580 өтініш жеке тұлғалардан, 100 өтініш заңды тұлғалардан келіп түскен. 680 өтініштің 614-і қаралған, оның 280-і қанағаттандырылған, 46-на түсінік берілген, 287-і қанағаттандырудан бас тартылған, 1 өтініш қараусыз қалдырылған, 56 өтініш қаралуда, 10 өтініш құзыретіне қарай басқа мекемеге жолданған. Келіп түскен 680 өтініштің 11-і қайталанып келген өтініштер, оның ішінде: 5-і қанағаттандырылып, 2 қанағаттандырудан бас тартылған, 4 өтінішке түсінік берілген.

 

Өтініштердің көп бөлігі мынадай мәселелерді қамтиды:

  • тұрғын үй мәселелері – 171 (25,1%);
  • жер   және   жер   пайдалану   (жер   телімін   бөлу,  жер  ресурстары)  -  158 (23,2%);
  • коммуналдық шаруашылық мәселелері – 73 (10,7%);
  • әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері – 65 (9,5%);
  • экономика және қаржы мәселесі – 51 (7,5%);
  • кәсіпкерлік – 42 (6,1%);
  • құжаттандыру – 42 (6,1%);
  • жұмыспен қамту мәселелері – 18 (2,6%);
  • әр түрлі – 60(8,8%).

 

 

Дата публикации
09 июня 2021