Құрметті Мұнайлы ауданының және Атамекен ауылдық округінің тұрғындары!
2021 жылдың 7 маусым күні Атамекен ауылдық округі бойынша құрылған жергілікті қоғамдастықтың кезекті отырысы өткізіліп, кеңесте ауылдық округке қарасты тұрғын массивтердің атауы жоқ көшелеріне жаңа атаулар беру мәселесі қаралып, кеңес хаттамасымен бекітілгендігін хабарлаймыз.
Атамекен ауылдық округіне қарасты Қаламқас, Жалын, Атамекен, Темір-су, Шағала, Көктем тұрғын масситеріндегі көшелерге /атауы жоқ көшелерге/ жаңа атаулар берілгендігін және де алдағы уақытта қолданысқа енгізілетіндігін назарларыңызға ұсынамыз.