Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

          1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 19-баптың 3-тармағының 6-1) тармақшасындағы «24-бабына» деген сөздер «24-бабының 1-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;  2) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазыл- сын: «2. Мыналар: 1) аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық жəне əлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы əкім ұсынған есептерді мəслихаттың екі рет бекітпеуі; 2) жергілікті қоғамдастық жиналысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімін лауазымынан босату туралы мəселеге бастамашылық жасауы мəслихаттың əкімге сенімсіздік білдіру туралы мəселені қарауына негіз болып табылады.»; 3) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: «16) алдыңғы əкімнің өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің міндетін басқа мемлекеттік əкімшілік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазы- мынан босатпай уақытша жүктейді.»; 4) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын: «36-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімін лауазымға сайлаудың, оның өкілеттіктерін тоқтатудың тəртібі

  1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің əкімін тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан төрт жыл мерзімге лауазымға сайлайды.
  2. Сол бір адам сол бір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
  3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл- дық округ əкімінің сайлауын өткізу тəртібі «Қазақ- стан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында регламент- теледі.
  4. Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің өкілеттіктері «Қазақстан Респуб ликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Респуб- ликасының Конституциялық заңына сəйкес оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
  5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің өкілеттіктері: 1) əкім қайтыс болған, əкімді əрекетке қабілетсіз, əрекет қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 2) өзін ұсынған саяси партияны қайта ұйымдастыру жəне тарату жағдайларын қоспағанда, саяси партияға мүшелігі тоқтатылған; 3) жоғары тұрған əкім аудан (облыстық маңызы бар қала) мəслихаты депутаттарының əкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдаған; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқта- тылған; 5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған əкімді тіркеген жағдайларда; 6) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
  6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің өкілеттіктері осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде аудан- ның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің өкілеттіктерін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды жəне ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті əкіміне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылданады. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) əкімі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті əкімінің өкілеттігін тоқтатады. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тиісті адамның аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдайды.»; 5) 36-1-бап алып тасталсын; 6) 39-3-бапта: 3-тармақтың 4-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4-3) аудан (облыстық маңызы бар қала) əкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда одан əрі ұсыну үшін келісу;»; 8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жа- зылсын: «Жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналы- сының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей құлағдар етілетін осы баптың 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны жəне талқыланатын мəселелер туралы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тəсілдермен құлағдар етіледі.».
  7. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «депу- таттыққа» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкіміне» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «мəслихат- тарының депутаттығына» деген сөздерден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкіміне» деген сөздермен толық- тырылсын; 3) 16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы «кандидат- тардың» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкіміне кандидаттардың» деген сөздермен толықтырылсын.
  8. «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 36-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы «депутаттары» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің əкімдері» деген сөздермен толықтырылсын.
  9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 10) тармақшасы «тұрақты» деген сөзден кейін «немесе сайланған» деген сөздермен толық- тырылсын; 2) 19-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сəйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнаулы тексерудің оң нəтижелерін алуы қажет. Төте сайлау құқығы арқылы сайланатын əкімге кан- дидаттарды арнаулы тексеруді қоспағанда, арнаулы тек- серу жүргізу мерзімі үш айға дейінгі мерзімді құрайды. Төте сайлау құқығы арқылы сайланатын əкімге кандидаттарды арнаулы тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарына қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың ережелері төте сайлау құқығы арқылы сайланатын əкімнің мемлекеттік əкімшілік ла- уазымына кіретін азаматтарға қолданылмайды.»; 3) 20-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «сай- лау қорытындылары бойынша тағайындалған» деген сөздер алып тасталсын; 4) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің міндеттерін басқа мемлекеттік əкімшілік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босат- пай уақытша жүктеу ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті əкімінің өкімімен жүзеге асырылады.»; 5) 41-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толық- тырылсын: «3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес сайланатын мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.»; 6) 44-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) қызметке толық сəйкес еместігі туралы ескерту;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықты- рылсын: «4-1) өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыра- тын мемлекеттік əкімшілік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету;»; 7) 61-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «17) мемлекеттік лауазымға тағайындалу немесе сайлану кезінде осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмеуі;»; 8) 63-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазыл- сын: «1. Өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мем лекеттік əкімшілік қызметшілерді қоспағанда, мем- ле кеттік əкімшілік қызметшілерді аттестаттау оның тəр тібін, мерзімдерін жəне аттестатталатын мемле кеттік қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақ- стан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 мамыр № 42-VІI ҚРЗ

 

Дата публикации
04 июня 2021