Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №62/544 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы  №62/544 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Мұнайлы аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №62/544 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4421 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше  осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 15 767 805,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 3 525 390,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 71 892,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 152 904,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 12 017 619,0 мың теңге;

2) шығындар – 15 905 743,5 мың теңге;

3) таза  бюджеттік  кредиттеу – 32 400,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 245 028,0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу –  212 628,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 170 338,5  мың  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                – 170 338,5 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 245 028,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 212 628,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 137 938,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 3 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

«3. 2021 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттеріне 386 804,8 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы ауданының бюджет комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                        Мұнайлы аудандық

мәслихатының хатшысы

 

Е. Жұмабаев                                                     Б. Билялов

Дата публикации
27 мая 2021