Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Маңғыстау облысының әкімдігі

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат(лауазымдар тізіліміне сәйкес)

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда ;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы(классификаторға сәйкес)

Өнер, 

Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы), 

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы), 

Көлік қызметтері, 

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: Ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды, пайдалануды ұйымдастырады және бақылайды; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды ауданның даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен Қазақстан Республикасының үкіметі айқындайтын тәртіппен шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді ұйымдастырады; коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және сақталуын ұйымдастырады; тұрғын үй қорына түгендеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады; авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады; әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға, алдын алуға және (немесе) жоюға қатысады; жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi; аудан аумағындағы экологиялық, қоғамдық орындарды абаттандыру, көгалдандыру және тазалығын сыртқы безендiру мәселелерiн ұйымдастырады; аудандық маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады; аудан аумағындағы ауылдардың құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну үшін аудан әкіміне ұсыныс береді, аудан әкімінің келісімі бойынша ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;  сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды дайындайды; Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық көрсетілетін қызметте сапасын бақылау; Цифрландыру бойынша тиісті жұмыстар атқаруды үлестіру; өз құзіретіндегі мәселелер бойынша аудан әкімінің алдында жауап береді; аудан әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелері бойынша аудан әкімі жанындағы комиссиялар мен кеңестердің жұмыстарын үйлестіреді және (немесе) төрағалық етеді.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Келесі мемлекеттік органдар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режиміне қатысада (Үкіметтің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысы): Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Әділет министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдары.

 

Дата публикации
31 мая 2021