Жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына және «ЭКО Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің хатына (Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында 2021 жылғы 14 мамырдағы кіріс № ЗТ-С-44,2 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «ЭКО Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мұнайлы ауданы аумағынан пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жалпы ауданы 496,6299 гектар жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
  2. «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелсін.

      2) осы қаулы күшіне енгізілгеннен кейін Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3) «ЭКО Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жария сервитуты туралы шарт жасақталсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Сүлейменовке жүктелсiн.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                             Р. Елтизаров

 

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2021