Мұнайлы ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Мұнайлы ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Мұнайлы ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы).
  5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
21 мая 2021