Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қазандағы №58/523 «Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтікқолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5 тармағына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілдедегі №233 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3143 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:»
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |