Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) 2016 жылғы 19 қазандағы №229-қ «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3178 болып тіркелген);
2) 2020 жылғы 9 қыркүйектегі №234-қ «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4285 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3.«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Ақниязова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
|
Мұнайлы ауданының әкімі |
|
Р. Елтизаров |