2021 жылдың 1 мамыр жағдайына жергілікті және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат
Аудан бойынша кірістер бөлігінің жылдық жоспары 4 450,9 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 952,3 млн. теңге, орындалысы 1 227,7 млн. теңге немесе 128,9 пайызды құрады, немесе 275,3 млн. теңгеге артық орындалды (төлем көзінен ұсталынатын табыс салығынан 62,8 млн.теңге, әлеуметтік салық 27,7 млн.теңге, заңды тұлғалардың мүлік салығынан 25,9 млн. теңге, жеке тұлғалардың көлік құралдары салығынан 78,3 млн. теңге).
3 категория бойынша түсімдер жылдық жоспар 3 750,2 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 839,5 млн. теңге, орындалысы 1 038,3 млн. теңге немесе 123,7 пайызды құрады.
І.Салықтық түсімдер жылдық жоспар - 3 525,4 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 773,2 млн. теңгенің, орындалысы 955,7 млн. теңге немесе 123,6 пайыз;
ІІ.Салықтық емес түсімдер жылдық жоспар – 71,9 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 6,5 млн. теңгенің, орындалысы 6,7 млн. теңге немесе 103,9 пайыз;
ІІІ.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жылдық жоспар - 152,9 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 59,8 млн. теңгенің, орындалысы 75,8 млн. теңге немесе 126,9 пайыз;
ІV деңгейлі бюджеттің, яғни ауыл, ауылдық округ бюджетінің кірістер бөлігінің жылдық жоспары – 700,7 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 112,8 млн. теңгенің, орындалысы 189,4 млн. теңге немесе 167,8 пайыз;
Ауыл, ауылдық округтер бөлінісінде орындалысы: Басқұдық –119,3%, Дәулет – 298%, Маңғыстау – 256,7%, Батыр – 218,8%, Баянды – 128%, Атамекен – 169,2%, Қызылтөбе – 120,5%.
Шығыстар бөлігінің 2021 жылға жылдық жоспары 17 225,9 млн. теңге, 1 мамыр жағдайына жоспарланған 3 618,0 млн. теңгенің орындалысы 3 616,6 млн. теңге немесе 100% құрайды.
Республикалық бюджеттен бөлінген бойынша 2021 жылға жылдық жоспары 5 686,5 млн. теңге, 1 мамыр жағдайына жоспарланған 792,7 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 792,7 млн. теңге немесе 100% құрап отыр.
Жергілікті бюджет бойынша 2021 жылға жылдық жоспары 11 539,4 млн. теңге 1 мамыр жағдайына жоспарланған 2 825,3 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 2 824,0 млн. теңге немесе 100% құрап отыр.