Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы

Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық                   мүшелерінің қатысуымен өткен жиналыстың

 

                                          №  01  ХАТТАМАСЫ

 

 

        25 қаңтар 2021 жыл                                                      Қызылтөбе ауылы

 

 

        Жиналысты ашқан: Қызылтөбе ауылдық  округінің әкімінің м.а. Е.Кайнаров

        Қатысқандар: Қызылтөбе ауылдық  округінің жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл ақсақалдары, Ондағанов Еламан, Аманжаев Амангелді, Каратокашев Дурды, Факия Ермекова, Қолат Набат, Боқышов Қалдыбай, Колешов Жолмаганбет,Тангулов Аман,  Караев Дауылбай, Аманбаева Рысты, Суюнова Жадыра, Оспанова Айша, Маденов Нурлыбек, Картбаева Саулеш және Мөлдір Абжат. Барлығы 16 адам.

 

Күн тәртібі:

 

  1. Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабына атау беру;
  2. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған  қаражаттың түсімдері мен шығыстарының жоспарымен келісу;
  3. Жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

 

        Қызылтөбе ауылдық  округі бойынша жергілікті қоғамдастығының жиналысын ауылдық округ әкімінің м.а. Е.Кайнаров ашты.

        Сонымен қатар, күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабына атау беру туралы» екендігін айтып,  ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, елді мекеннің  күншығыс бетінде орналасқан емдік қасиеті бар «Молжігіт» жер асты су көзінің (фонтан) атауын беруді ұсынды. Е.Кайнаров сөз кезегін Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің төрағасы Еламан Оңдағановқа берді.

        Еламан Ондағанов: Қызылтөбе -2 тұрғын үй алабына атау беру мәселесі Жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының күн тәртібінде осыған дейін екі рет көтерілгендігін айтып, «Молжігіт» су фонтанының атауын беруді қолдайтындығын айтты.

        Ауылдық округ бойынша аналар кеңесінің төрайымы, Халық емшісі Оспанова Айша Шанайқызы «Молжігіт» жер асты  суының өзіндік емдік қасиеті бар екендігін, «Молжігіт» атауын беруді құптайтындығын айтты.   Күн тәртібіндегі екінші мәселе Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған   қаражаттың түсімдері мен шығыстарының жоспарымен келісу бойынша, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы  Н.Маденов: Қаржылық жоспарлау бойынша  2021-2023 жылдарға  арналған кіріс 212 490,00 теңге, шығыс 212 490,00 теңгеге жоспарланып отырғандығын атап өтті.

        Сонымен қатар, Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне 3 дана компьютер жинағы мен 1 дана принтер 3в1 және 2 дана кіші принтерді қабылдауға келісім беруді;

        2021-2023 жылдарға Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жергілікті қауымдастық бағдарламасын бекітуге келісім беруді сұрады.

        Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе жергілікті қоғамдастық мүшелері ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабына «Молжігіт тұрғын үй алабы» деген атау берілсін.
  2. Жоғарыда көрсетілген атау аудандық мәслихатқа және ономастика комиссиясына ұсынылсын.
  3. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған  қаражаттың түсімдері мен шығыстарының жоспары бекітілсін.
  4. 2021-2023 жылдарға Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жергілікті қауымдастық бағдарламасы бекітілсін.

        Жоғарыда аталған ұсыныстар ашық дауысқа салынып, бір ауыздан қабылдансын. (Қолдағандар – 12 адам, қарсы-жоқ, қалыс қалған-жоқ).

 

 

        Жиналыс  төрағасы:                                                                 Е.Оңдағанов 

 

 

Хатшы:                                                                                             М.Абжат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 января 2021