Мұнайлы ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2020 жылға есебі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Мұнайлы ауданы әкімдігінің бөлімдерімен 7 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттарымен 93 қызметтің түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудан тұрғындарына 313 түсіндіру (хаттамалық тапсырмалар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренинг жұмыстары -291, БАҚ-на жарияланған басылымдар саны - 22) жұмыстары жүргізілді, аталған түсіндірме іс-шаралары бойынша қамтылған қызмет алушылардың саны - 5036.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында «Маңғыстау облысындағы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның филиалына дәрістерге жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны -5.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2020 жылы бойынша нәтижелеріне сәйкес:
Мұнайлы ауданында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылы 93 мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша барлығы – 44688 мемлекетік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
1)Мемлекеттік орган (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 15627 немесе 35%;
2) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтің саны - 7626 немесе 17,1%;
3)«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 21435 немесе 47,9%.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны – 3125 (қағаз түрінде -1167, электрондық түрде -1958).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетулерінің сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша іс-шара жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылаудың нәтижесіне сәйкес: жүргізілген бақылау объектілерінің саны – 9, анықталған бұзушылықтардың саны – 134 оның ішінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 5;
- құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде қызмет көрсету фактілері – 3;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері – 104;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 22.
Бақылау іс-шара қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 8. Қабылданған тәртіптік жазалар «ескерту» - 3, «сөгіс» - 1, «қатаң сөгіс» -4. Бақылау іс-шара қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны -37.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бірнеше рет аудан әкімдігінде ауыл, ауылдық округ әкімдері және аудандық тиісті бөлім басшыларымен өткізілген кеңестерде талқыланады.