«Мұнайлы ауданық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға аукцион жариялайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

«Мұнайлы ауданық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға аукцион жариялайды.

           Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ 2021 жылы 19 мамыр сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

            Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.

            Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Дата публикации
21 апреля 2021