Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Абишев А.С.» дара кәсіпкерге пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне қысқа 3 (үш) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
- Дара кәсіпкер «Абишев А.С.» жер пайдаланушыларға шектеулі нысаналы пайдалану белгілеуден келтірілген шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
- 3. «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Сүлейменовке жүктелсiн.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Р. Елтизаров