Жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                          23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «МонтажСтрой Тех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне қысқа 3 (үш) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
  2. «МонтажСтрой Тех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға шектеулі нысаналы пайдалану белгілеуден келтірілген шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
  3. 3. «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Сүлейменовке жүктелсiн.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                     Аты-жөні

Дата публикации
13 апреля 2021