Маңғыстау облысының әкімдігі
Аймақ
Маңғыстау облысы
Санат(лауазымдар тізіліміне сәйкес)
E-1
Лауазымдық жалақысы
150778 - 203162
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда ;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Білімге қойылатын талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда
Мамандығы(классификаторға сәйкес)
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Қаржы және экономика салаларына басшылық жасайды; Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған ауданның қаржы жоспарын бекiтуге ұсынады; ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеп, мақұлдайды және ауданды дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құруға, таратуға ұсыныс береді, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауды ұйымдастырады; салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының аудандық бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді және мерзімдерін өзгертуге ұсынады; халықты әлеуметтiк қорғау, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi. Қазақстан Республикасы Үкiметінің бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді; қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады; өз құзіретіндегі мәселелер бойынша аудан әкімінің алдында жауап береді. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық көрсетілетін қызметте сапасын бақылау; Цифрландыру бойынша тиісті жұмыстар атқаруды үлестіру; аудан әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелері бойынша аудан әкімі жанындағы комиссиялар мен кеңестердің жұмыстарын үйлестіреді және (немесе) төрағалық етеді. Аудан әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына аудан бойынша жауап береді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Білім мамандықтары (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі). Құқық мамандықтары (құқықтану, құқық қорғау қызметі). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану, қоғамдық байланыс, статистика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы,). Қызмет көрсету мамандықтары (әлеуметтік жұмыс).