Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

 

(2021 жылдың 28 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында)

 

Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

195 895

255 514

«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы i.nurmukhan@mangystau.gov.kz, төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, санаты Е-4, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ауданның қоғамдық-саяси ахуалы мен оперативтік жағдайы туралы күнделікті басшылыққа белгіленген тәртіп бойынша баяндап отыру; Өз құзіреті шеңберінде жіне міндеттеріне қатысты міселелер бойынша мекемелерді тексеру жұмыстарына қатысады және де тексеру. Әкімнің қатысуымен өткізілетін барлық жиналыстарға және мерекелік шараларды өткізуді ұйымдастыру; Ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттарымен және бөлімдермен ұсынылатын мәліметтерді тексеру; Ауыл мен ауылдық округ әкімі аппараттарында жеке бөлімдерде жұмыс регламентінің сақталуын бақылау; бөлімге келіп түскен хаттардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Құпия іс қағаздармен жұмыс жасау және орындалысын бақылау.Аудан көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;  әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі іс–шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз  ету, броньға есепке қойылған әскери міндетті  азаматтардың есебін  жүргізу және тапсыру; қорғаныс істері жөніндегі органмен байланыс жұмыстарын, республикалық, азаматтық қорғау және төтенше жағдайларға, эвакуация, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын - алуды және жоюды, күзгі - қысқы маусымға дайындық жұмыстарын  ұйымдастыру, төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс - шаралар кешенін жасақтау, төтенше жағдайларды жою кезінде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық  ресурстарын  жұмылдыру; ауданның  бейбіт  кезеңге және соғыс кезеңге арналған азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және жоспарды транспорт, байланыс мекемелерінің, энергетикалық отын және газ шаруашылықтарының жұмыстарын, аса қауіпті жұқпалы аурулардың келуі мен таралуының алдын - алу  мақсатында эпидемияға қарсы төтенше комиссияның жұмысын, шекара мәселелері жұмыстарын үйлестіру; Сала бойынша есепті тапсыру, төтенше жағдайлар штабы отырысының өтуін төрағаның  тапсыруымен ұйымдастыру, хаттамаларын жүргізу. Бекітілген «Азаматтық қорғау бойынша оқу жаттығулардың іс-шаралар жоспарына» сәйкес оқу жаттығулар өткізуді ұйымдастыру. Азаматтық қорғаныс саласындағы оқу курстарына  өткізу жоспарын жасақтау, бекіту, өткізу, сондай-ақ бекітілген жоспарға сәйкес қызметкерлердің оқу курсына қатысуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының мерекелік күндері аудан көлемінде кезекшілікті ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Білім мамандықтары. Гуманитарлық ғылымдар мамандықтары. Құқық мамандықтары. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары. Қызмет көрсету мамандықтары. Техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

 

         ________________________________________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

 КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения







 



 

_____________________
Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________
күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 21 қазандағы  
№ 14 бұйрығымен бекітілген 

нысан

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК ГОСУДАРСТВЕННОГО
СЛУЖАЩЕГО
I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР
ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

фото
3х4

      __________________________________________
      __________________________________________
      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
      фамилия, имя, отчество (при наличии))
      __________________________________________
      __________________________________________
      (жұмыс орны, лауазымы, санаты/
      место работы, должность, категория)
      ___________________________________________
      (жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный
      идентификационный номер)

Туылған күні (күнi, айы, жылы)/
Дата рождения (число, месяц, год)

 

Туылған жерi/Место рождения

 

Ұлты/Национальность*

 

Бiлiмi/Образование

 

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi/
Квалификация по специальности

 

Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками

 

Дипломатиялық дәрежесi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг (при наличии)

 

Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi, біліктілік сыныбы (беру күні) (болған жағдайда)/
Воинское, специальное звание, классный чин, квалификационный класс (дата присвоения) (при наличии)

 

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/
Государственные награды, почетные звания(при наличии)

 

Арнайы тексеру нәтижелерi/
Результаты специальной проверки

 

Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi/ Дата принесения присяги государственным служащим

 

Тәртiптiк жазалар туралы мәлiмет/
Сведения о дисциплинарных взысканиях

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (қолданылған және орындалған күні)/
Сведения о наложении административного взыскания за совершение коррупционного правонарушения (дата наложения и исполнения)

 

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (тәртiптiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы)/
Сведения о наложении дисциплинарного взыскания за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу (о совершении коррупционного дисциплинарного правонарушения)

 

Мемлекеттік қызметшінің жұмысын бағалау нәтижелері туралы мәлімет (күні және бағасы)/
Сведения о результатах оценки деятельности государственного служащего (дата и оценка)

 

Аттестациядан өткен күнi және нәтижелерi/
Дата и результаты аттестации

 

Қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні/
Дата прохождения курсов переподготовки
(переквалификации) и повышения квалификации

 

* қалауы бойынша толтырылады/заполняется по желанию

Мөрдің орны
Место печати

 

 

 

 

  1. II. ЕҢБЕК ЖОЛЫ
    ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/ Дата

Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жерi/
Должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения

 
     
     
     

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы/
Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы):
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при наличии))

Қолы __________________ _______ жыл «__» _____________ айы
Подпись________________ «__» ____________месяц ________год

Мөрдің орны
Место печати

 

«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, санаты Е-4, 1 бірлік.
Дата публикации
26 марта 2021