Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 39-3 бабының 6 тармағы негізінде, Мұнайлы ауданы маслихатының «Мұнайлы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 20/223 шешімімен бекітілген қағидаға сәйкес, Маңғыстау ауылы бойынша алты бөлек жиын өткізіліп, жергілікті қоғамдастықтың мүшелері сайланған болатын.
Ағымдағы жылдың наурыз айының 30 күні сағат 15.00-де Маңғыстау ауылында орналасқан № 1 орта мектепте жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің қатысуымен Маңғыстау ауылы жергілікті қоғамдастығының жиыналысы өтеді.
Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланатын болады:
- Жергілікті қоғамдастық мүшелерін нақтылау;
- Маңғыстау ауылы бойынша ауылішілік көшелер мен орталық көшге атау беру;
- Жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.
«Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі