Мұнайлы ауданық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ел тілегі» Республикалық тәуелсіз ақпараттық танымдық, қоғамдық-саяси басылымының № 51 (699) Сәрсенбі 23 желтоқсан 2020 жылғы санындағы хабарландыруына және Мұнайлы ауданы әкімінің ресми-интернет ресурсында жарияланған (https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat munayli/documents/details/109615?lang=kk) хабарландыруына қосымша:
Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөліміне кіру тыйым салынуына орай, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға аукцион 2021 жылы 22 қаңтар күні сағат 15-00 де Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, аудан әкімдігінің ғимаратыда өткізіледі.
Аукционға қатысу туралы өтінімдер бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама шыққан күннен бастап 2019 жылғы 27 желтоқсан сағат 15-00 ге дейін қабылданадыАукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасының бес пайызын құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Бұл ретте, кепілдік жарна сауда-саттық объектілерінің әрқайсысы бойынша бөлек енгізіледі.
«Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ депозиттік есебіне ЖСК KZ050705034632757001, БСК KKMFKZ2А, БСН 070740007553 салынады.
АУКЦИОНДЫ ӨТКІЗУ ШАРТЫ:
Сауда-саттық ағылшын тәсілі өткізіледі. Аукционист нысанның бастапқы бағасын және өсіп отыру қадамын хабарлайды, өзгеріс қадамы нысанның ағымдағы бағасының 5-тен 10-ға дейін пайызын құрайды. Сауда қатысушының нөмірі көтерілумен бастапқы баға көтеріледі, бірақ хабарландырылған қадамнан артық емес. Аукционист нысан бойынша сауда қатысатындардың нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны көтеруге ұсыныс жасайды. Нысан бойынша сауда ең жоғарғы ұсынылған бағаға дейін жүргізіледі. Аукционист нысан үшін ең жоғарғы баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционист нысанның соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда балғаның соғылуымен осы нысанның сатылғандығын хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;
Нысан бойынша саудалар нысан бойынша саудаға қатысушылардың саны 2-ден кем болмаған жағдайда өтті деп саналады.
ТӨЛЕМНІҢ ТҮРІ МЕН ШАРТЫ:
Аванстық төлем аукцион барысында бекітілген бағаның 50% пайызы көлемінде енгізіледі, сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін бес банктік күн мерзімінен кешіктірілмей төленеді. Кепілдік салым тиесілі аванстық төлем есебінен саналады. Қалған сомма сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізілуі керек.
Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:
1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартса;
2) аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, конкурсқа қатысу кезінде жер учаскесіне құқығын сатуға жарияланған шартпен, аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасудан;
3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда қайтарылмайды.
Басқажағдайлардыңбарлығындакепілдікжарналар осы қатысушыныңдеректемелерікөрсетілген, кепілдікжарнанықайтарутуралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.
Аукционға қатысты барлық сұрақтарға жауаптар мен кеңесті Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімінен алуға болады.
Мекен-жайы: Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, қоғамдық ұйымдар ғимарат, 3 қабат, №6 бөлме (кабинет), тел. 8 (7292) 466118, 466130.