Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

«Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

                                                                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

                                                                  

 

Ұйымдық-құқықтық нысаны

мемлекеттік мекеме

 

Меншік түрі:

мемлекеттік

 

Орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, 130600,

Маңғыстау облысы, Мұнайлы

ауданы, Маңғыстау ауылы, 24 орам,

құрылыс №13

  

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маңғыстау ауылы, 2020 жыл

 

І-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мұнайлы ауданында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылықты дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  2. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және кәсіпкерлік саласындағы заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
  5. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  7. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 130600, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 24 орам, құрылыс №13
  9. Мемлекеттiк органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде: Государственное учреждение «Мунайлинский районный отдел предпринимательства и сельского хозяйства»

  1. Осы Ереже «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  4. Егер, «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

ІІ-тарау. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

  1. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Ауданда кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдауды  қамтамасыз  ету, кәсіпкерліктің  дамуына  барынша  қолайлы  жағдайлар  жасау, кәсіпкерліктің  инфрақұрылымын  кеңейту  және оны  насихаттау, сауда базарларында  баға тұрақтылығын және ауыл шаруашылығы және туризм саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету болып  табылады.

  1. Міндеттері:

1) кәсіпкерліктің дамуына барынша қолайлы жағдай жасау;

2) аудан аумағында бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелердің, алаңдардың (алаңқай) сауда нүктелерін маусымдық ашуға қызығушылық танытқан тұлғаларға іс – шараларын жүзеге асыру;

3) ауданның кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Республикалық, облыстық және аудандық әр-түрлі іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;       

4) Мұнайлы ауданында инвестициялық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты арттыру, өнеркәсіпті және жергілікті қамтуды дамыту;

5) инвестицияларды тарту және өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

6) аудан экономикасының басым секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

7) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

8) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы қызметі бойынша  мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

9) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық  инспекцияны жүзеге асыру болып табылады;

10) туристік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету, туристік тартымдылықты арттыру, қала немесе аудан атауы ;

11) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

12) өңірлік мәдени-туристік кластерді дамыту және өңірдің туристік инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;

13)  аудан экономикасына туристік саланың үлесін арттыру.

  1. Функциялары:
  • аудан бойынша кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы туризмге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту саласында монирингін жүзеге асыру;
  • маусымдық кезеңде көкөніс және баубақша өнімдерін сатуға рұқсат қағаздарын рәсімдеу және аудан аумағында белгіленбеген орындарда сауда жасаған тұлғаларға орын алған кемшіліктер бойынша ескерту және түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
  • аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізу және бағаны тұрақтандыру бойынша саясатты жүзеге асыру;
  • көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • қаржылық ұйымдармен (банк, микро ұйымы, қорлар және т.б.) бірлесе отырып, аудан кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бойынша көмек көрсету;
  • ауданда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы қызметінің дамуына қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлеу;
  • аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық Кеңестiң қызметiн үйлестіру;
  • өз құзыреті шегінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне, өнеркәсіп кәсіпорындарына әкімшілік мәселелерді шешуде көмек көрсету;
  • іске асырылатын жобаларда және өңдеуші өнеркәсіптің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарында кадрларға қажеттілікті айқындауға жәрдем көрсету;
  • инвестициялар тарту, өнеркәсіпті және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша іс-шараларды (форумдар, көрмелер, семинарлар, кеңестер және т. б.) ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
  • инвестициялық жобалар бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы облыстық атқарушы органға ұсыну;
  • инвестицияларды тартуға, инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін проблемалық мәселелер мен тосқауылдарға талдау жүргізу үшін Өңірлік инвестициялық кеңестің жұмысын ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
  • экономика секторларының, оның ішінде экономиканың өнеркәсіп секторының нақты бағыттарын дамыту бойынша ұсыныстар енгізу;
  • аудан экономикасына инвестициялар тартудың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу;
  • әлеуетті инвесторлар үшін инвестицияларды талап ететін жобаларды айқындау және тиісті құжаттарды дайындауды қамтамасыз ету;
  • Мұнайлы ауданына инвестициялар тарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу және іске асыруды қамтамасыз ету;
  • өнеркәсіпті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамыту бөлігінде мемлекеттік бағдарламаларды, ауданды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • өнеркәсіп пен өңдеуші өнеркәсіптің ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу және экономикалық көрсеткіштерінің болжамы;
  • іс-шараларды (форумдар, көрмелер, семинарлар, кеңестер және т. б.) ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
  • аудан аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
  • аудан аумағында туризм саласына инвестициялар тартуға ықпал ету;
  • аудан аумағында туристік жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында әлеуетті инвесторлармен, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізу және іздестіруді жүзеге асыру;
  • аудан аумағында туризм саласындағы барлық жобалардың электрондық дерекқорын қалыптастыру;
  • аудандар арасында туристік бизнестің ынтымақтастығы үшін жағдай жасау;
  • қонақ үйлер мен табиғи объектілерді қоса алғанда, аудан аумағындағы барлық туристердің есебін жүргізу;
  • жыл сайын туризм объектілеріне түгендеу жүргізу, аудан аумағында көрсетілген объектілердің электрондық базасын құру және жаңарту;
  • туристік қызмет көрсету нарығына талдау жүргізу және басқару органына аудан аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
  • аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
  • аудан аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі жұмысқа қатысу;
  • туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
  • басқару органымен келісім бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
  • жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен ауданның мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  • аудандағы ауыл шаруашылығы саласының макроэкономикалық көрсеткіштерінің мониторингін жүргізу, мал және егін, өсімдік  шаруашылығы тауар өндірушілерінің жұмыстары  бойынша ақпараттар жинақтау,  болжамдар мен талдаулар жүргізу;
  • агроөнеркәсіптік кешен бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығына озық технология мен техниканың енгізілуіне, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, жаңа жайылымдық, шабындық және егістік жерлерді игеру, оларды суландыру, мал азығымен және сумен қамту бойынша жұмыстар жүргізу.
  • ауыл шаруашылығы саласындағы бөлімге жүктелген мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі мерзімінде көрсетілуін қамтамасыз ету, осы бойынша есептіліктерді жүргізу және беру. Жергілікті басқару органдарының мүддесіне сәйкес келетін басқа да міндеттерді іске асыру.
  • бөлім тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы орындалуын және атқарылған мемлекеттік қызметтер бойынша жылдық, айлық есептерді уақытылы тапсырылуын бақылау;
  • тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркелмелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар бойынша саясатты жүзеге асыру;
  • бухгалтерлік есеппен жасақталған есеп жинақтарын бақылау, тапсырылған есептер мен олардың жиынтығын талдау, қажетті органдарға тапсыру және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жасақталуына, жоспарланған қаржының толық игерілуіне бақылау жүргізу;
  • істер номенклатурасы және құжаттарды мұрағатта сақтау. Мұрағат ісі және басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;
  • «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдау;
  • «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  1. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан, өзінің құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға құқылы;

2) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қаулылары мен маслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысу; 

3) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

IІІ-тарау. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

  1. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты бірінші басшы «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Мұнайлы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) бөлім мамандарының өкілеттілігі мен міндеттерін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) бұйрық шығарады және бөлімнің барлық қызметкерлеріне тиісті тапсырма береді;

4) Мекеменің атынан сенімхатсыз іс-қимыл  жасайды;

5) бөлімнің қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қорының белгіленген шегінде штат кестесін бекітеді;

6) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселесін шешеді;

7) жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және ол жеке жауап береді;

8) келісім-шарттар жасасады, сенімхаттар  береді, банк  шоттарын  ашады  және  өзгеде  мәмілелер  жасайды;

9) «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырудағы өзге де мәселелер, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді.

10) «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

IV-тарау. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мүлкi

 

  1. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

           «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

  1. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

V-тарау. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемелекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

  1. «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Документы
Ақпарат
02 ноября 2022
Жеке және заңды тұлғалар назарына!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
12 сентября 2022
«Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі»
Мұнайлы ауданындағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
12 сентября 2022
«Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі»
Ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция және өнеркәсіп саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы
Новости
Полезные материалы
«Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы