
Бөліммен автомобиль жолдары және жолаушы көлігі саласы бойынша мынадай жұмыстар жүргізілуде: аудан аумағында көлік, автомобиль жолдары қызметтері салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу; аудан аумағында жол шаруашылығы туралы заңнамалар мен өзгедей жобалық құжаттамалар талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; сала бойынша салынған объектілерді пайдалануға беру жөніндегі қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу; аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару; ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару; аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, аудан шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; облыстық жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекiту; автомобиль жолдарын дамыту ісін жоспарлауды бекітілген республикалық және өңірлік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асыру; жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу; аудандық маңыздағы көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын салу мен пайдалануын ұйымдастыру; автомобиль көлігінде және автомобиль жолдарында бақылауға қатысты ережелер, нұсқаулықтар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзырлы органдармен келісе отырып жолаушыларды отырғызатын және түсеретін пункттерді белгілеуді қамтамасыз ету.