Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылықтың дамуына барынша қолайлы жағдай жасау, ауыл шаруашылығы және ветеринария қызметі мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету. Инвестициялық саясатты қалыптастыру. Ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау ұйымдастыру және осы салада қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық  инспекцияны жүзеге асыру болып табылады.

«Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ

 

1) кәсіпкерліктің дамуына барынша қолайлы жағдай жасау;

2) аудан аумағында бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелердің, алаңдардың (алаңқай) сауда нүктелерін маусымдық ашуға қызығушылық танытқан тұлғаларға іс – шараларын жүзеге асыру;

3) ауданның кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Республикалық, облыстық және аудандық әр-түрлі іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

4) инновациялардың тиімді енгізілуін және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;

5) инвестициялық саясатты қалыптастыру, Мұнайлы ауданының инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыру;

6) ауыл шаруашылығы және ветеринария қызметі мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

7) олардың дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасау;

8) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;                            

9) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау ұйымдастыру және осы салада қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

10) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық  инспекцияны жүзеге асыру болып табылады.

  1. Функциялары:
  • аудан бойынша кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту саласында монирингін жүзеге асыру;
  • маусымдық кезеңде көкөніс және баубақша өнімдерін сатуға рұқсат қағаздарын рәсімдеу және аудан аумағында белгіленбеген орындарда сауда жасаған тұлғаларға орын алған кемшіліктер бойынша ескерту және түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
  • аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізу және бағаны тұрақтандыру бойынша саясатты жүзеге асыру;
  • көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • қаржылық ұйымдармен (банк, микро ұйымы, қорлар және т.б.) бірлесе отырып, аудан кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бойынша көмек көрсету;
  • ауданда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы қызметінің дамуына қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлеу;
  • аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық Кеңестiң қызметiн үйлестіру;
  • аудан аумағында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыру;
  • аудандық инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды, инвестициялық форумдарды ұйымдастыру;
  • Мұнайлы ауданы бойынша инвестицияларды тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру;
  • өнеркәсіп өнімдерінің көлемін арттыру бойынша саясатты жүзеге асыру;
  • облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидалары туралы ұсыныстар енгізу;
  • қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
  • аудан бойынша ветеринария мәселелері бойынша шараларды іске асыру;
  • ауданының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларды пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
  • ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • эпизоотия ошақтары бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  • аудан аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүзеге асыру;
  • ветеринариялық препараттар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  • аудандағы ауыл шаруашылығы саласының макроэкономикалық көрсеткіштерінің мониторингін жүргізу, мал және егін, өсімдік  шаруашылығы тауар өндірушілерінің жұмыстары  бойынша ақпараттар жинақтау,  болжамдар мен талдаулар жүргізу;
  • агроөнеркәсіптік кешен бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығына озық технология мен техниканың енгізілуіне, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, жаңа жайылымдық, шабындық және егістік жерлерді игеру, оларды суландыру, мал азығымен және сумен қамту бойынша жұмыстар жүргізу.
  • ауыл шаруашылығы саласындағы бөлімге жүктелген мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі мерзімінде көрсетілуін қамтамасыз ету, осы бойынша есептіліктерді жүргізу және беру. Жергілікті басқару органдарының мүддесіне сәйкес келетін басқа да міндеттерді іске асыру.
  • бөлім тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы орындалуын және атқарылған мемлекеттік қызметтер бойынша жылдық, айлық есептерді уақытылы тапсырылуын бақылау;
  • тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркелмелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар бойынша саясатты жүзеге асыру;
  • кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін тиімді үйлестіру. Таза ауысымдылықтың артуына жол бермеу;
  • бухгалтерлік есеппен жасақталған есеп жинақтарын бақылау, тапсырылған есептер мен олардың жиынтығын талдау, қажетті органдарға тапсыру және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жасақталуына, жоспарланған қаржының толық игерілуіне бақылау жүргізу;
  • істер номенклатурасы және құжаттарды мұрағатта сақтау. Мұрағат ісі және басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;
  • «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдау;
  • «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Документы
Қаулы
27 марта 2026
«Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 238-қ қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы
Қаулы
18 ноября 2025
Мұнайлы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
Қаулы
23 января 2025
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 238-қ «Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
«Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
Кәсіпкерлік
Медиагалерея
1
Орталық базардың бағаларына мониторинг жүргізді
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы