
ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Маңғыстау ауданында бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және коммуналдық сала өкілдері - 600-ге жуық адам қатысты.
Көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, ағаштар әктеліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 34 техника жұмылдырылып, 30 тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылды.
Туған жердің тазалығы – баршаға ортақ міндет. Аудан тұрғындары өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды.