
Ерғали Скендиров бірқатар нысандарды аралады.
Маңғыстау ауданының әкімі Ерғали Скендиров бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралап, жұмыс барысымен танысты.
Алдымен аудан басшысы Жаңаорпа-2, Ащыбұлақ-1 және Ащыбұлақ-2 шағын аудандарын ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Қарақұдық жерінен қазылған ұңғымалардың жағдайын көрді. Ауызсумен қамту жұмыстарының сапасына, тұрғындарды тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ қиыршық тас өндіретін карьерлер мен Шаңжақтағы республикалық маңызы бар автомобиль жолына дейінгі аралықтағы жолдың жағдайын қарады.
Жауын-шашын кезінде жиналған судың ауыл ішіне қарай ағуына байланысты туындайтын қауіп-қатерлер де талқыланды. Су ағысының бағытын реттеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал қолайсыздықтардың алдын алу шаралары сөз болды.
Аудан әкімі жауапты сала мамандарына көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды.