Лого

Меню

Страницы

Статья

МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫНДА 4 САЛА БОЙЫНША 9 АЙДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫНДА 4 САЛА БОЙЫНША 9 АЙДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

12 қазанда өткен аппараттық отырыста білім, мәдениет және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебі қаралды.

1. БІЛІМ: САПА 60,7%-ҒА ӨСТІ
Ауданда 52 білім ұйымы бар (19 мемлекеттік, 11 жекеменшік балабақша, 21 мектеп). 9 мектеп пен 2 балабақшаға жөндеу жүргізілді.
1953 бала балабақшада, 3-6 жасарлар 100% қамтылған. Кезекте 181 бала тұр.
21 мектепте 8461 оқушы оқиды. Білім сапасы - 60,7%, былтырдан 2,2%-ға жоғары. 123 оқушы облыстық, республикалық, халықаралық байқау жеңімпазы атанды.
Биыл 500 түлектің 450-і ҰБТ-ға қатысып, 215-і грант алды (22 «Алтын белгі»). 3645 оқушы тегін ыстық тамақ, 1534 оқушы 19 автобус тасымалымен қамтылған. 
Алдағы уақытта Шетпе-1-де 300 орындық жаңа мектеп салу, 16 мектепке генератор, 4 мектепке робототехника кабинетін алу жоспарда.

2. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ: 61 ЖАРЫС, 229 ШАРА
Ауданның 47,5%-ы (16 756 адам) тұрақты спортпен шұғылданады. 9 айда 61 жарыс өтіп, 3650 адам қатысқан. Спортшылар Әлем чемпионатынан - 3, Азиядан - 10, ҚР чемпионатынан 34 медаль алды. Көптен қараусыз тұрған жүзу бассейні қайта іске қосылды.
Мәдениетте 229 шара өтіп, 59 мың көрермен қамтылды. Жыңғылдының «Дарын» ұжымы Ташкентте, «Шайыр» әжелер ансамблі Бакуде Гран-при алды. Шілдеде «Қараман ата» қорымы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді.

3. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: 1940 АДАМҒА КӨМЕК
Ауданда мүгедектігі бар 1940 адам бар. 9 айда 125 адамға гигиеналық, 12 адамға протез құралдары беріліп, 15 адамға жеке көмекші, 71 адамға үйден қызмет көрсетілді. 26 адамға 137 рет инватакси қызметі барды.
Мамырда 1666 адамға 110 мың теңгеден (183 млн теңге), 1292 Алтын және Күміс алқа иелеріне 19,3 млн теңге, 445 асыраушысынан айырылған балаға 15,3 млн теңге төленді.
58 отбасы (336 адам) атаулы әлеуметтік көмек алды.
Отырысты қорытындылаған аудан әкімі атқарылған жұмыстарды оң бағалап, бірқатар тапсырма берді:
- Білім сапасын көтеру, Шетпе-1-дегі 300 орындық мектептің ЖСҚ-сын жеделдету, 9 білім ұйымындағы өрт қауіпсіздігі кемшіліктерін жою;
- Ауылдардағы спорт залдарын (Шетпе, Шайыр, Шебір, Сайөтес) жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мәселесін пысықтау, 600 орындық спорт кешенінің құрылысын бақылауға алу;
- Әлеуметтік осал топқа көрсетілетін көмекті, әсіресе инватакси және үйден қызмет көрсетуді уақтылы әрі сапалы ұйымдастыру;
- Алдағы қысқы маусымға дайындық, мәдениет және білім нысандарын жылумен қамту мәселесін қатаң бақылауда ұстау.

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

23 октября 2026
Мақалалар
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Мақалалар
23 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

facebook.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы