
Ақсақалдар кеңесі: Әділдік пен парасат - басшының басты қағидасы
Маңғыстау ауданының әкімі Ерғали Скендиров аудан ақсақалдарымен кездесті.
Еркін форматта өткен басқосуға ауданға қарасты ауылдардан келген ардагерлер қатысты. Білім беру саласының үздігі Алдаберген Құрмашев пен құрылыс саласының ардагері Шаймырза Байпақов бастаған ақсақалдар ақыл-кеңестерін айтып, баталарын берді.
Өз сөзінде Шаймырза Байпақов қазақ хандары мен билерінің ел басқарғандағы ұстанымдары, әділдік пен парасаттылық принциптері, халықпен санасу тәсілі туралы әңгімелей келе, осы қағидаларды бүгінгі жұмыста да ұстану қажеттігіне тоқталып, жас басшыға кеңесін айтты.
Елді мекендердің дамуы, ауылдардағы инфрақұрылым және қоғамдағы бірлік мәселелері көтеріліп, ұсыныстар ортаға салынды.
Аудан әкімі Ерғали Скендиров ардагерлерге ақ баталары мен жанашырлықтары үшін алғыс білдірді.
- Ақсақалдар – елдің тірегі, ақылымызды түгендейтін алтын қазынамыз. Сіздердің әрбір сөздеріңіз - біз үшін үлкен мектеп. Бүгін бір ғибратты кездесу болды. Ұлы дала философиясын үлгіге алуға кеңес беріп жатырсыздар. Көтерген мәселелеріңіздің барлығы назарға алынады. Ауданды дамыту - басты міндет, бұл жолда сіздер үшін есігім әрдайым ашық, - деді.
Ақсақалдар Ерғали Скендировтің ел игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.