Лого

Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау ауданында 6,1 млрд теңгенің құрылысы жүріп жатыр: Шетпедегі ең ірі жобалар

Маңғыстау ауданында 6,1 млрд теңгенің құрылысы жүріп жатыр: Шетпедегі ең ірі жобалар

Аудан әкімдігінде өткен аппараттық жиында құрылыс бөлімінің 2026 жылғы 9 айдағы есебі баяндалды.

1. Шетпедегі 318 отбасы биыл газ бен электр желісіне қосылады.
Жаңадан үй салып, жарықсыз отырғандар үшін 12 км газ, 9 км электр желісі тартылып жатыр. 

2. 8 шағын аудан үшін кәріз мәселесі шешіледі
Бұл - Шетпе үшін ең үлкен жоба. Көптен күткен 2-кезең қайта басталды.
Қай аудандар қосылады: Қосбұлақ-1, Қосбұлақ-2, Қызылтұран, Орталық, Қарашоқы, Құрылысшы, Мақаш, Базарлы, Ескі Шетпе және барлық көпқабатты үй. Енді лас су жаңа тазарту қондырғысына барады.

3. 5 400-ден астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылады
Жаңа Орпа-2, Ащыбұлақ-1, Ащыбұлақ-2 тұрғындарына жаңа су қоймалары мен 8 км астам су құбыры салынып жатыр. Жыл соңына дейін аяқталуы керек. 

4. Тұщықұдық ауылында су мәселесі толық шешілді
15 км жаңа су құбыры тартылып, құрылысы бітті. Енді Астрахань-Маңғышлақтан келетін су ауылға үздіксіз барады.

5. Қосбұлаққа, Ақшымырау мен Шайырға да су құбыры тартылып жатыр
- Қосбұлақ-1,2 бағытында 68 км су құбыры
- Ақшымырауда 48 үйге
- Шайырда 66 үйге жаңа желі тартылып жатыр. 

Сараптамадан өткен, қаржы күтіп тұрған жобалар:
- Шетпеде 600 орындық жаңа спорт кешені
- 600 орындық Мәдениет үйі
- С. Қондыбай мұражайы
- Балалар өнер мектебіне қосымша ғимарат

Қорыта айтқанда, биыл Шетпеде ең өзекті - жарық, газ, су және кәріз желілері мәселесі жүйелі түрде шешіліп жатыр.

Дата публикации
12 октября 2026
Дата обновления
12 октября 2026
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Мақалалар
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Мақалалар
23 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

facebook.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы