
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін аудан әкімі Ерғали Скендировтің төрағалығымен облыс әкімінің 2025 жылғы 22 қазанда аудан тұрғындарымен кездесуі барысында берген тапсырмасына сәйкес, өндірістік кәсіпорын өкілдері мен аудан тұрғындарының қатысуымен жұмыспен қамту мәселесі бойынша кезекті кездесу өтті.
Жиынға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және оған еншілес 22 мекеменің өкілдері қатысып, тұрғындарға қолда бар бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасуға қойылатын талаптар және кәсіпорындардың кадр саясаты туралы ақпарат берді. Сонымен қатар алдағы уақытта ұсынылатын жұмыс орындары жөнінде мәліметтер ұсынылып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.
Жиын барысында аудан тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында бірлескен жұмысты жандандыру, жергілікті азаматтардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейту және кәсіпорындар мен жұмыс іздеушілер арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударып, кәсіпорындармен өзара байланысты күшейту және бос жұмыс орындары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.