
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР — ЖАУАПТАРЫМЕН!
Аудан тұрғындарына маңызды ақпарат!
1. Жер учаскесін ауданның арнайы қорына өткізе аламын ба?
Ауданның арнайы аудан қорына жер учаскелерін өткізу үшін жеке және заңды тұлғалардан құзыретті органға өтініш түсіру арқылы жүзеге асады.
2. Шаруа қожалығынан жеке шығу мүмкін бе?
Шаруа қожалықтан бөлініп шығу үшін жер заңнамасына сәйкес үлестік меншікке қатысушылардың жалпы жиналысында хаттама толтырылып, дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
3. Сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма?
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй тұрғын үй инспекциясы бөліміне мынадай құжаттарды ұсынған кезде жекешелендірілуі мүмкін: сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үйді жалға алушының барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері қол қойған өтініш, өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелері, неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама, жалдау шартының көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы құжат, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама және мемлекеттік тұрғын үйді өтеусіз (тегін) жекешелендіруге құқығы бар азаматтар қатарына жататындығын растайтын анықтама.
4. Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер қалай алынады?
Жер заңнамасына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа тиісті құжаттарды ұсына отырып, алуға болады.
Қосымша ақпарат пен нақты құжаттар тізімі үшін бөлімдерге жүгініңіз.