Лого

Меню

Страницы

Статья

«БАРМАҚ БАСТЫ, КӨЗ ҚЫСТЫ» ӘРЕКЕТКЕ ТОҚТАМ КЕРЕК!

«БАРМАҚ БАСТЫ, КӨЗ ҚЫСТЫ» ӘРЕКЕТКЕ ТОҚТАМ КЕРЕК!

Сыбайлас жемқорлықпен күресте әр ел түрлі тәсілді қолданады. Бірі заңның мықтылығына, жазаның қаталдығына иек артса, енді бір ел жемқорлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты күшейтіп, олардың жалақысын жоғарылатуды жөн санайды.

Сондайақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы сыбайластықпен күресетіндер де жоқ емес. Ал Қазақстан дамыған елдердің жемқорлыққа қарсы қолданған тәжірибелерін зерделеп, артықкемін екшеп, өз қызметтерінде қолдануға тырысуда. Бұл өз кезегінде нәтиже беруде. Елімізде 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» ҚР Заңы жарияланған болса, бүгінде жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді бағдарламалар жүзеге асып келеді. Бұл орайда, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Президент соңғы жылдары бірқатар маңызды қадам жасалғанына назар аударды. Соттардың сапалы қызмет атқаруы үшін нақты шаралар қабылданды. Кейінгі үш жылда 174 судья жұмыстан шығарылды, я болмаса лауазымы төмендетілді. Жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жарты жылдың ішінде 14 мың талапарыз түскен. Соның тең жартысында сотқа арызданушылар жеңіп шыққан. Қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Соның нәтижесінде прокурорлар былтыр үш жарым мыңға жуық адамның қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол берген жоқ. Басқа да бірқатар институционалдық шаралар жүзеге асырылды. Жемқорлықпен күрес жұмыстары облыс аумағында, ауданауылдарда да белсенді жүргізілуде. Айта кетсек, былтыр сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ауданның сот мамандарымен семинар, дөңгелек үстел отырысы өткізіліп, аталған тақырыптағы мақалалар республикалық және облыстық басылымдарға жарияланды. Аудандағы мемлекеттік қызметшілер сыбайластықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға немесе сотқа жүгінген азаматтарға қаралатын істерді электронды жүйе арқылы атқарылатынын жиі түсіндіріп отырады. Яғни Маңғыстау аудандық сотына арыз шағымдарды қабылдау, істерді судьяларға бөлу, сот отырысына қатысушыларға хабарлама жіберу сияқты жұмыс процесстері электронды түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар аудандық сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісшаралар жоспары жасалып, жұмыстары дер кезінде атқарылып отырады. Аудан көлеміндегі барлық семинар сабақтарда, жиналыстарда, судьялардың мәжілістерінде, жоспар бойынша өткізілген дөңгелек үстелдерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы түсіндіріледі. Сот ғимаратының кіре берісіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгітнасихат ретінде стендтер мен бейнероликтер, сенім телефондарының нөмірлері орналастырылған. Бұл қоғамдық дерттің алдын алып, жолын кесу үшін жасалып отыр. Бүгінде сот залдарында жүргізілетін бейнебақылау сыбайластықтың алдын алуға бағытталған бірденбір шара. Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Бірақ «саяси», «экономикалық», «халықаралық», «элиталық», «төменгі» жемқорлық секілді салалары бар. Бұлардың әрқайсысын алсаңыз да мемлекеттің жетістігін жоққа шығарып, ұлттың қауіпсіздігіне қауіпқатер әкелетіні белгілі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамның барлық күшжігерін біріктіріп, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдануымыз керек. Біздің қоғамда бұл қатерлі құбылысқа, «бармақ басты, көз қысты» әрекетке жол жоқ. Жадыра ӘБИЕВА. “Инабат-мейірім” ҚБ директоры. (Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен).

Дата публикации
13 декабря 2024
Дата обновления
13 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Мақалалар
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Мақалалар
23 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

facebook.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы