Лого

Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАСТЫҚ СЫЙЛАСТЫҚҚА СЫЗАТ ТҮСІРЕДІ

СЫБАЙЛАСТЫҚ СЫЙЛАСТЫҚҚА СЫЗАТ ТҮСІРЕДІ

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күшжігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіпқатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың зардабы үлкен. Мемлекетті іштен ірітіп, дамуына орасан зор кедергі келтіретін бұл кеселден кешенді күрессіз құтылу мүмкін емес. Кешенді жұмыстың негізі сыбайластықпен күреске жалпы жұртшылықты жұмылдыра білуден басталады. Себебі парақорлық пен делдалдыққа көпшіліктің қолдауынсыз тосқауыл қоя алмаймыз. Ал халықтың бел сенділігін арттыру үшін індетті жеңуге деген сенімді күшейткен абзал. Өзінің мемлекетке қажет екенін түсінген, өзінің азаматтық дауысы арқылы елдегі тазалықты сақтауға үлес қоса алатынын білген, әрекетінің елеусіз қалмайтынына сенген азаматтардың жемқорлыққа қарсы күресі нәтижелі болары хақ. Әрине, жемқорлыққа қатысты жасалып жатқан жұмыстар бар. Нәтижесі де жаман емес. Дегенмен сыбайластықты түбірімен жойғымыз келсе бұл шаралар үздіксіз жалғаса беруі керек.

 Б.ЖАЙЛИЕВА, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

Дата публикации
13 декабря 2024
Дата обновления
13 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Мақалалар
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Мақалалар
23 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

facebook.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы