Лого

Меню

Страницы

Статья

ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ

ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің барлығында дерлік бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе» деген болатын.

Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондайақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, нақты іске көше отырып, көптеген іс шаралар қолданылуда, атқарылған жұмыс та аз емес. Өйткені, мемлекеттің дамуына «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер орасан зор зиянын тигізетіні анық. Бұрынғы өткен атабабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету тағы сол сияқты қитұрқы әркеттердің барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сыбайлас жемқорлық бүкіл қоғамға айтарлықтай зиян келтіреді, тұтастай алғанда мемлекеттің беделіне нұқсан келтіреді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылда мемлекеттік қызметшілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға барынша атсалысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлық стандарттарын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін айтарлықтай төмендетуге және оны жоюға мүмкіндік алады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күшжігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

М.СЕЙІЛОВ, аудан әкімінің орынбасары

Дата публикации
13 декабря 2024
Дата обновления
13 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Мақалалар
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Мақалалар
23 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

facebook.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы